Денсаулық сақтау басқармасы осы оқиғаға байланысты түсінік берді.
«Мұнда балалар дәлізде жатыр. Бәрінің ауру белгісі бір. Қызуы көтерілген, құсады. Білікті инфекционист пен педиатор қажет», – деп жазды әлеуметтік желіде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров: «Облыстық инфекциялық аурухана ғимаратына қазір жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сол себепті ішек инфекциясы бөлімі жедел жәрдем ауруханасының терапия корпусына орналастырылды. Маусымдық жедел ішек инфекциясының көбеюіне байланысты науқастар саны артты. Бөлімде қосымша кереует орналастырылды. Барлық науқас палатаға жатқызылды. Науқастардың медициналық қызмет сапасына қояр сұрағы жоқ. Дәрі-дәрмек жеткілікті, шағым жоқ. Инфекционистер жұмыс істеп жатыр. Ал инфекциялық ауруханадағы жөндеу аяқталған соң бәрі сонда қайта орналастырылады», – деді.
https://www.instagram.com/p/CEO5e_TlttP/?utm_source=ig_web_copy_link