Коронавирус: Отандық вакцина қашан дайын болады?
Коронавирус: Отандық вакцина қашан дайын болады?
5,122
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаға қатысты ойымен бөлісті.
«Отандық  вакциналарды даярлаумен айналысып жатқан ең алдыңғы қатарлы зертханалар үшінші кезеңге жетті, яғни клиникалық сынақ фазасында тұр. Олар төртінші кезеңді өткізуі керек. Осыдан кейін барлық халықаралық сертификаттардан өткеннен соң, тиісті елдерді бұл вакцина жаппай өндіруге шығарылады», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, Қазақстан меморандумдар немесе келісімдерді бекітуге тырысады. Бұл тұрғыда өзге елдерге қарағанда осы вакцинамен халықты бірінші болып қамтамасыз ету қадамдары жасалады.