Шығыста праймеризге жастар белсенді қатысуда
Шығыста праймеризге жастар белсенді қатысуда
147
оқылды
Елімізде Елбасының бастамасымен партияішілік іріктеу –праймериз басталғалы бері ел ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтар аталған бастамаға барынша қатысып бағын сынауға бел буған. Праймеризге қатысып жатқан кез-келген азаматтың басты мақсаты – ел мүддесін биіктен көтеріп, халықтың мәселесін шешуге атсалысу. Соған орай бүгін «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков Өскемен қаласының жастарымен кездесіп, олардың праймеризге қатысты қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берді. – Праймериз басталғалы өткен бір апта уақытта Шығыста 707 азамат қатысуға өтінім білдірсе, 661 азамат ресми түрде тіркеліп, үміткер атанды. Осы тұста айта кетерлігі, өңір жастарының белсенділігі өте жоғары. Айта кетсек, партияішілік іріктеуге 35 жасқа дейінгі 180 жас тіркеліп отыр. Өздеріңізге белгілі, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сайланбалы органдарында 35 жасқа дейінгі жастардың үлесін 20 пайызға арттыруды тапсырған болатын. Бұл партияішілік іріктеу – праймеризде ескеріліп отыр. Осынау мүмкіндікті сіздер тиімді пайдаланып, еліміздің игілігі үшін жұмыс істеулеріңіз қажет, – деді кездесу барысында Nur Otan партиясы ШҚ ОФ төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков. – Мен праймеризге тіркеу басталған күннен бастап қажетті құжаттарымды жинастырып, қаладағы партия филиалына апарып өткіздім. Елімізде тұңғыш өткізіліп жатқан ауқымды шараға қатысып, бағымды сынамақпын. Бұл еліміздің жастары үшін үлкен мүмкіндік, жаңа белес екенін айтқым келеді, – дейді Өскемен қалалық Жастар орталығының жетекшісі Сырым Бектасұлы. Қоса кетсек, бүгін 24 тамыз, сағат 13.00-дегі ақпарат бойынша Шығыста  707 адам ұсынылып, оның 661-і кандидат ретінде тіркелді (93,4%). Оның ішінде 41,6%-ы – әйелдер болса, 27%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 232 ( 32,7%) адам ұсынылған болса, қалған 429 ( 60,3%) адам – өзін-өзі ұсынушылар. Сонымен қатар, 11 көпбалалы ана, 6 ерекше қажеттілігі бар адам ұсынылған. Өңірде праймеризге қатысуда Өскемен мен Семей әдеттегідей алда болса, аудандар арасында Үржар, Аягөз және Глубокое аудандары белсенділік танытып, алдыңғы лекте келеді.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы