Кеше Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтандағы сауда нысандарын аралап шыққан болатын.
Оның барысында кәсіпкерлер сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.
Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-та сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын шығаруды тапсырды.
«Осы аптада өтетін үкіметтік комияссия отырысында нақты шешім қабылданады», – деді Ералы Тоғжанов.
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның мәліметінше, елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсы болса, тағы бірқатар бизнестің жұмысы қайта жанданбақ.