Шымкентте қылмыс серкелері тағы соқтығысты
Шымкентте қылмыс серкелері тағы соқтығысты
317
оқылды
Ал кейбір ақпарат көздерінде күдіктінің полицияға өзі барғаны айтылған.  Сонымен бірге, қайтыс болған жігіт 33 жастағы спортшы Ғани Құрманов болса, оны ат­қан күдікті қылмыс әлемінде «жабайы Арман» лақап аты бар Арман Жұмагелдиевтің  досы Дәуір Тәукеев  болуы мүмкін деген нұсқа бар.  «Время» газетінің хабар­лауынша, жарақат алып, ауыр халде ауруханаға түскен 35 жастағы Нұрғали Мырзабаев қыл­мыс әлемінің  тағы бір «серкесі»  Соқыр Даулеттің (Нұрдаулет Мырзабаевтың) ұлы екен. Ендеше бұл қақтығыс кездейсоқ емес се­кілді. Әрине, тергеу амалдары біт­пей мәселенің мән-жайын толық біле алмаймыз. Дегенмен елдің аузына қақпақ бола алмайсыз... Сонымен «жабайы Арман» кім?  Иә, ол өзін қылмыс  әлемінде осыдан оншақты жыл бұрын танытқан. Президент сайлауы қарсаңында Шымкенттегі «Ту­рист» қонақ үйінде «Әділетті Қазақстан үшін» оппозициялық қозғалысының жиынына баса-көктеп кірген ол қозғалыс жетек­шілеріне шабуыл жасайды.  Осы бұзақылық әрекеті үшін ұсталып, түрмеге түседі. Бір кездері осындай қылмыс­тық оқиғалардың бел ортасында жүрген Арман Жұмагелдиев соңғы кездері әлеуметтік желі ар­қылы елдің ыстық ықыласына бөленіп, танымалдығы арта түскен еді. Бәрінен бұрын пандемия уақытында дәрі-дәрмекке мұқ­таж жандарға көмек берді. Бү­гінде Түркия мемлекетінде тұра­тын ол коронавирус жұқтыру  жағ­дайының нағыз күйіп тұрған шағында шетелден дәрі-дәрмек жеткізіп, әлеуметтік желі арқылы отандастарына «кім мұқтаж болса, осы жігіттерге хабарлассын» деп  Қазақстанда тұратын бірнеше өкілінің телефон нөмірін де қалдырды. Кейбір ақпарат көздері осынау өкілдерінің арасында жоғарыда атап өткен Дәуір Тәу­кеев те бар екенін айтады.  Оған Тәукеевтің медициналық ап­параттарды тарату кезінде түскен бейнесюжеттері дәлел бола алады. Түркияда тұрғанымен, Отанын алыстан бақылап отыратын «жа­байы Арман»  Қордай оқиғасы кезінде де үнсіз қалған жоқ: Қа­зақстанда тұратын барлық ұлттың өкілі бірін-бірі құрметтеуі тиіс деп үн қатты.  Сонымен қатар өзінің тамырлап кеткен таныстары ар­қылы Молдавия түрмесінен қазақстандықтардың ақшасын жымқырып қашып жүрген  «Грант Ломбард 24» ЖШС-нің иесі Аслан Мырзабековті де тауып алады. Оған «Құтылып кетемін деп ойлама. Сені Молдавадан да таптық, жердің түбіне кетсең де тауып аламыз», – деп видеоға түсіреді. dik Arman Пандемияның ушығып тұрған сәтінде Отанына қолдау білдірген «жабайы Арман» медициналық мекемелерге аппараттар жібер­генде дәрігерлер оған алғыс видеоролигін жолдайды. Тіпті, Алматы облысы Кербұлақ ау­даны әкімінің атынан алғыс ар­қалаған хат та алады. Кейін ол хатқа әкім орынбасары Б.Мыржиевтің қолы болғаны анықталды. Осы­нау қолдау шаралары кезінде ол өзінің жазылушылар санын 190 мыңға дейін жеткізеді. Осылай­ша, ол отандастарына кез келген мәселеде қолұшын созып отырады. Иә, оның жоғарыда атап өткен қылмысқа қатысы бар ма, жоқ па белгісіз. Бірақ қылмыстық оқиғаға қатысқандарды сараласақ, оның қатысы болуы мүмкін деген болжам да шындыққа жанасатын секілді. Себебі қылмыс әлемінің серкелері бір-бірімен бәсекелес болуы әбден мүмкін. Жарақат алған «соқыр Дәулеттің» ұлына бағытталған оқ сол Дәулеттің өзі­не «сигнал» болмасына кім кепіл?! Кейбір ақпарат құралдары бүгінде жарақат алған авторитеттің ұлын ауруханада полицейлер жіті бақылауда ұстап отырғанын жазады. Қалай болғанда да, қыл­мыс әлемінде түсініксіз қақ­тығыс жүріп жатыр. Ал анық-қанығы тер­геу амалдары біткенде бел­гілі болмақ.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы