Алдағы үш жылда Ұлттық қордан бөлінетін қаржы қайда жұмсалады?
Алдағы үш жылда Ұлттық қордан бөлінетін қаржы қайда жұмсалады?
Фото: Интернеттен алынды
599
оқылды
Министр Үкімет басшысына берген есебінде: «Сіздің қарауыңызға (Асқар Мамин – ред.) Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы және 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы жарлық жобасы ұсынылады. Кепілдендірілген трансфертті 2021 жылы – 2,7 трлн теңге, 2022 жылы – 2,4 трлн теңге және 2023 жылы – 2,2 трлн теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр. Кепілдендірілген трансфертті әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылады», – деді. Министрдің айтуынша, даму бағдарламаларын қаржыландыруды ұлғайту үшін 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансфертті тарту жоспарда бар.
«Осылайша, болжам бойынша түсімдер 2021 жылы 11,4 трлн теңге, 2022 жылы – 11,8 трлн теңге, 2023 жылы 12 трлн теңгеге жетеді. Республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 14 трлн теңге, 2022-2023 жылдары – 13,9 трлн теңге көлемінде болжанып отыр. Жалпы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, нәтижелі жұмыспен қамту, сонымен қатар ұлттық экономиканы тұрақты және сапалы дамытуға бағытталған», – деді Руслан Дәленов.