«Көне құмыраның сыры» неде?
«Көне құмыраның сыры» неде?
521
оқылды
Танымдық мәні зор, тағылым алар туындының режиссері – елімізге танымал аниматор Батыр­хан Дәуренбеков. Сценариін Бақытжан Құлжабай жазып шық­қан. «Қазақстан – қызғалдақтар отаны. Өскелең ұрпаққа сол жайлы көбірек айтуымыз керек. Елімізде қызғалдақтың көптеген түрі өседі. Өкініштісі, бірегей өсімдік түрлері экспедиция кезінде алғаш рет суретке түсіріп, жариялаған Кауфман, Грейг сынды неміс азаматтарының есімімен аталып кеткен. Мыса­лы, жазушы Мархабат Байғұт ағамыз насихаттап жүргеніндей, шұбайқызыл деген қандай керемет атау?! Біз де қызғалдақтардың қазақы аттарын осылайша наси­хаттауды мақсат тұттық. Жапония елінде сакура гүлдегенде елге туристер ағылады. Сол сияқты біздің өңіріміз де көктемде жайнап кетеді. Қызғалдақтар қаласы – Шымкент қызылды-жасылды гүлдерге толады. Мұндай көрініс өзге өңірлерде жоқ!» – дейді Батырхан Дәуренбеков. Анимациялық фильмнің төр­тінші бөлімі де аяқталуға жа­қын. Ол – «Ақсақ Темірдің Шым­кентке келуі» туралы. «Сақ» кино­­студиясы түсіріп жатқан бұл фильмде шежіреші, тарихшы Шарафиддин Яздының кітабынан алынған деректер келтіріледі. Ақсақ Темірдің жорықтарының бірінде Шымкент арқылы өтіп, дәлірегі, Қошқар ата өзені бойына тоқтағаны туралы тарихи деректер желісі алынған. Айта кетейік, «Көне құмыра­ның сыры» анимациялық фильмі­нің алғашқысы «Отырарды қорғау», екіншісі «Ұлы ұстазбен кездесу» деп аталады. Ол бөлімдерде әл-Фараби, Абай сынды ғұлама тұлғалар дәріптеліп, мемлекеттік рәміздеріміз наси­хатталған.  

Гүл БЕКЗАТ