Браконьер, біздің жаққа қайдан келдің?
Браконьер, біздің жаққа қайдан келдің?
© фото: Айтжан Мұрзанов
481
оқылды
 

Қорықшы болу қорқынышты ма?

Экология министрлігі ұйым­дастырған Қорғалжын сапары қорықшы инспекторлар жұ­мысының қызығы мен қиын­дығына ой жүгіртуге түрткі болды. Көргеніміз бен көңілге түйгеніміз  көп. Күрмеуін шешуді күткен мәселе де жоқ емес екен. Аздан тарқатып көрсек.. Қорықшы инспекторлардың жұмысында өліммен бетпе-бет келетін сәттер болып тұрады.  «Охотзопром»  инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің қазасынан кейін бұл салада жұмыс істеуге тәуекел етушілер азайса, таңғалуға бол­майды. Себебі браконьер деген «екі аяқты жыртқыш» ешкімді де аямайды. [caption id="attachment_67484" align="alignnone" width="924"]akky © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] «Охотзоопром» кәсіпорны орталық аймақтық өңірлік фи­л­иалы басшысының міндетін ат­қарушы Айбек Әліпбайдың ай­туынша, Е.Нұрғалиевтің қазасынан кейін  қоғам назары осы салаға бұрылды. Заң кү­шей­тіліп, инспекторлар мен қорық­шыларға жағдай жасау жақсара түсіпті. «Бұрын біз УАЗ мінсек, бра­коньерлер «Toйoтa-100» көлі­гімен жүретін. Ал бүгіндері инс­пекторлар да жол талғамайтын «Тойота» айдап жүр. 2014 жылдан бері автопарк жаңарып, әрбір инспекторға оқ өткізбейтін кө­кірекше, пулемет, карабин немесе тапанша берілді. Вахталық әдіс­пен 15 күн жұмыс істеп, 15 күн демалады», – дейді. [caption id="attachment_67372" align="alignnone" width="941"] width= © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Қорықшы болу үшін батыл, шапшаң, қырағы, тез шешім қабылдайтын қасиет керек. Бас­тысы, табиғат жанашыры болып, адаммен қарым-қатынас жасап, тіл табыса білу маңызды. Айбек Әліпбай өзі білетін инспек­торлар браконьерден қорықпайды дейді. «Алыстан бөгде көлікті көр­се, соған жеткенше асығады. Бра­коньерді ұстау – абырой. Біз кімнің браконьер екенін жобамен білеміз, бірақ олар да заңды жетік біледі,   біздің жұмысқа қай кезде шығатынымызды да біліп отырады. Әлі есімде, Жезқазған жақта елсіз далада тұратын мал­шының үйі жанынан көліктің ізін көрдік. «Көлік өтті ме?» деп сұрасақ, «көрген жоқпын» дейді, ал «мына із ше?» десек, «енді ғана байқап отырмын» дейді. Себебі қорқады», – дейді ол. [caption id="attachment_67486" align="alignnone" width="1150"]akkylar © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]  

Браконьерлер картасы керек

Жыл басынан бері республика көлемінде  браконьерлерден 256 тұтас ет пен 1 245 киіктің мүйізі, сондай-ақ 5 қарақұйрық пен 2 ителгі тәркіленді. Бұл жануарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.  Ал біз бар­ған Қорғалжын қорығынан жыл басынан бері бірде-бір киік атылмапты. Бұл факті бра­коньерлердің мазасын қашырып жүргені анық. Айбек Әліпбай  браконьердің үш түрі болады дейді. [caption id="attachment_67485" align="alignnone" width="1004"]kiik-1 © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] «Біріншісі – киікті бала-шағасын асырау үшін атады. Екіншісі – басқа аң атуға шыққан, бірақ алдынан кезіккен киікті  атып алатын аңшылар. Үшіншісі – ұйымдасқан қылмыстық топ, киік атуды кәсіп еткендер. Олар киік мүйізін сатып, «бизнес» жасайды. Ең қауіпті жауымыз – осылар.  Бірақ алдыңғы топ­тағылардың әрекеті де ақтауға келмейді, олар да – қылмыскер», – дейді. [caption id="attachment_67493" align="alignnone" width="1025"]kystar © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Браконьерлікті кәсіп еткен­дер бұл жолда миллиондар жұм­сауға дайын. Олар бұл қаржыны құқық қорғау органдарының қызметкерлерін сатып алуға жұмсайтын көрінеді. Мысалы, браконьер атқан киікті экс­пертизаға апарсаңыз, ондағы маман оның киік емес, ешкі еке­нін растаудан танбайды екен.  Алматы мен Сәтпаев қаласында осындай жалған анықтама бер­ген экспертиза қызметкерлері сот­талды да. «Мұндай жағдайда инспекторларымыздың сағы сынады, бірақ біз берілмейміз», – дейді А.Әліпбай. [caption id="attachment_67492" align="alignnone" width="923"]kiik3 © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Бүгіндері киік мүйізінің бір келісі қара нарықта 2-3 мың АҚШ доллары тұрады.  Ал Қытайда 5-7 мың долларға бағаланады екен. Шетелге контрабанда жолымен кететін киік мүйізін кеденнің бақылау аппараты да байқамайды. Өйткені мүйізді сүт ұнтағы сияқты үгітіп алып өтетін көрінеді. Ең қызығы, браконьерлердің аты-жөні жария емес. Инспек­торлар сот шешімі шыққан соң киік атушылардың есімін браконьерлер картасына енгізуді ұсынады. Бізде педофилдер кар­тасы бар. Сол сияқты бра­коньерлер картасы жасалса, ондағы браконьерді танығандар тиісті орынға хабарласа, бра­коньерлікпен күрес нәтижелі бола түсер ме еді?.. [caption id="attachment_67487" align="alignnone" width="1209"]kys © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]  

Туризм үшін таптырмас өлке

 Нұр-Сұлтаннан Қорғалжын қорығына жеткенге дейін он екі мүшеңіз сау қалса, қуанасыз. Дәл осы сапасыз жол талай ту­ристің жолын бөгеп тұр десек, қателеспейміз. Себебі шұрық-тесік жолда көлік селкілдесе, төбеңіз тесіле жаздайды. Қыста боран соққанда жол жабылып қалады екен.  Соның салдарынан қорық маңындағы  ел көше бастаған. Мәселен, біз жанынан өткен Абай ауылында санаулы үй қалыпты, инфрақұрылымы нашар ауылда тастанды үйге көз сүрінеді. Жол салып, қорық жұмысын жан­дандырып, туристер ағынын көбейтсе, қорық маңындағы ауылдан ел  көшіп несі бар? Олар үшін екі қолға бір жұмыс табылар еді. Қорғалжын қорығы дирек­торының орынбасары Жанат Жұртбаевтың айтуынша,  ел астанасы жақын болғандықтан, қорыққа туристер жиі келеді. [caption id="attachment_67365" align="alignnone" width="928"] width= © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] «Қорықтағы эко-ағарту  бө­лімі туристік ұйымдармен тікелей жұмыс істейді. Былтыр 8 мың турист келген, биыл ко­ронавирусқа байланысты туризмді тоқтатуға тура келді», – дейді ол.  Егер пандемия жойылып, киік табынын көргісі келетіндер үшін сафари сияқты туристік саяхат ұйымдастырылса, табысқа кенелуге болады. Турист жүрген жерге браконьер де маңайлай алмас еді дейді бір ой. [caption id="attachment_67488" align="alignnone" width="922"]kol © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Біздегі дерек бойынша, қо­рық­қа апаратын  Нұр-Сұл­тан – Қаражал автожолы «Қаз­автожолдың» балансында екен. Бірақ қорықшылар автожолды жеті рет өлшеп барып салу керегін айтады.  Себебі автожолдың картасы дұрыс жоспарланбаса, киіктер миграциясына кері әсер етуі мүмкін. Мәселен, биыл құрылысы басталады деген «Орталық – Батыс» тас­жолы  еліміздегі киіктің үш популяциясының ең үлкені – Бетпақдала попу-ляциясының көшіне кедергі болады де­ген мәселе бар. Бетпақдала по­пуляциясы Қорғалжын мен Теңіз көлдерінің төңірегін, Торғайдың төменгі жағын ме­кендеп, Ырғыз жақта төлдейді. Киіктер көктемде Қазақстанның оңтүстігінен Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстарындағы Ыр­ғыз, Торғай, Ұлыжыланшық, Терісаққан өзендері алабы мен Теңіз көлі-не қарай ауады. Сонда тасжолдың құрылысы барлық миграция жолын жауып тастауы мүмкін деген қауіп бар. [caption id="attachment_67491" align="alignnone" width="949"]Kiik © фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]  

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ