Қазақстандық боксшы жекпе-жекке шықпай-ақ жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы жекпе-жекке шықпай-ақ жеңіске жетті
170
оқылды

Тағы екі қазақ боксшы чемпионатты сәтті бастады

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин сайыстың 1/8 финалына жолдама алды. 

Ол екінші кездесуінде канадалық Томас Блуменфельдпен кездесуі тиіс болған. Алайда қарсыласы кездесуге шығудан бас тартып, 63 келіге дейін өнер көрсеткен Сафиуллин келесі кезеңге шықты. 

Сафиуллин бірінші кездесуде әзірбайжандық боксшыдан басым түскен болатын. Сондай-ақ Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Бекзат Нұрдәулетов те (81 келі) әлем чемпионатындағы кездесулерін сәтті бастады.