Қазығұрт тауының төбесіндегі дау тудырған пирамидалар мәселесі сотта қаралады
Қазығұрт тауының төбесіндегі дау тудырған пирамидалар мәселесі сотта қаралады
Фото: Интернеттен алынды
492
оқылды
Оны тұрғызған профессор осылай коронавирусты тоқтатпақ болған. Бұл әрекеті үшін енді ол сот алдында жауап бермек. Үшбұрышты пирамидалар әрқайсысының биіктігі 3 метрден кем емес. Ерекше құрылыстың авторы – Қазығұрттану ғылыми зерттеу институтының директоры. Айтуынша, өзіне аян берген. Онда дәл осы жерде 12 мыңдай жыл бұрын пирамидалар болғанын айтыпты. Соны жаңғыртса, коронавирустың таралуы тоқтайтын көрінеді. Құрылысқа шамамен 2,5 млн теңге қаражат жұмсаған. «Қазығұрттану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бералы Артығалиев «биіктігі үш метрлік төрт пирамиданың күші аздау болып тұр», – деп топшылайды. Нұх пайғамдардың кемесі қайырлаған маңда бой көтерген үш бұрыштар адамзат баласының басына төнген бәлекеттің алдын алатына сенімді. Алайда профессордың пікіріне иланушылар тым аз. Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, профессордың әрекеті заңсыз.
Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сәбит Әлсейітов: «Ешқандай жер де алмай, рұқсат та алмай өз бетінше барып иеленіп отыр. Бұл өз бетінше жерді иелену», – дейді.
Бұл бойынша 75 АЕК айыппұл салынады. Мемлекеттік сәулет басқармасы тарапынан тексеріліп, қазіргі уақытта сотқа берілді.  Шенділер келер аптада бұл іс сотта қаралатынын мәлімдеді. https://youtu.be/2UMaMEHfSPI