Қазақстанда онкологиялық науқастарды емдеу күшейтілмек
Қазақстанда онкологиялық науқастарды емдеу күшейтілмек
179
оқылды
Отандық медицина және фармацевтика нарығында бірқатар шетелдік компаниялар жұмыс істеп жатыр. Өз кезегінде ондай ұжымдардың еселі еңбегі Қазақстан медицинасының дамуына ықпалын тигізері сөзсіз. Сондай компанияның бірі – Takeda Қазақстанда Shire компаниясымен заңды түрде бірігу процесінің аяқталғаны туралы хабарлады. «Такеда Қазақстан» ЖШС биофармацевтикалық компаниясы Қазақстан Республикасында «Баксалта Қазақстан» ЖШС-не (Shire) қосылу жолымен қайта ұйымдастырудың заңды процесінің аяқталғаны туралы хабарлады. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Баксалта Қазақстан» ЖШС өз қызметін тоқтатты және «Такеда Қазақстан» ЖШС компаниясы барлық міндеттемелер бойынша оның құқықтық мұрагеріне айналды. Аталған өзгерістер бірлескен Takeda компаниясын қалыптастыру процесін тездетеді, алайда шығарылатын дәрілік заттардың өндіріс процесіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне еш әсер етпейді. «Shire және Takedaның заңдық бірігу рәсімінің аяқталуы қол қойылған және келесімсөз үстіндегі шарттар, серіктестік және өзге де келісім-шарттар бойынша компанияның өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді. Біз денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі болуға тырысамыз. Компанияның қайта ұйымдастырылуы Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы Takeda-ның жетекші орнын нығайтып, қазақстандық пациенттер үшін инновациялық терапияға қолжетімділікті жеделдететініне сенімдіміз» дейді «Такеда Қазақстан» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сабира Салыхова. 2019 жылдың қаңтарында жарияланған Takeda компаниялар тобының Shire компаниялар тобын сатып алу туралы келісімі Takeda-ға әлемдегі ТОП-10 фармацевтикалық компаниялардың қатарына кіруге және ғылыми әзірлемелерге назар аудара отырып, биофармацевтикалық көшбасшыға айналуға мүмкіндік берді. Takeda белсенді ғылыми-зерттеу қызметін жүргізетін және инновациялық дәрілік заттарды әзірлейтін бірқатар басым терапевтік бағыттарды анықтады. Негізгі терапевтік бағыттар: онкология, гастроэнтерология және иммунология, неврология және генетикалық аурулар. Мақсатты инвестициялар қан плазмасы вакциналары мен препараттарын әзірлеуде де жүзеге асырылады. Күшті инновациялық ғылыми-зерттеу платформасы компанияға серпінді инновациялық технологияларға назар аударып, осы бағыттардағы өнімдердің жаһандық портфелін дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Бизнестің негізгі бағыттары Takeda жаһандық компаниясының жылдық жиынтық кірісін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Бірігу арқылы Takeda өзінің географиялық болмысын кеңейтті және Жапония мен АҚШ-та жетекші орынға ие болды. Енді 50 000 жоғары білікті қызметкерлердің қолдауымен компанияның әлемнің 80-нен астам елі мен аймақтарына инновациялық дәрілік заттарды жеткізуге мүмкіндігі бар. Еске салсақ, Takeda Pharmaceutical Company Limited (бұдан әрі – Takeda) компанияның және оның ғылыми-зерттеу қызметінің құндылықтарына негізделген, штаб-пәтері Жапонияда орналасқан биофармацевтикалық препараттарды өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания ғылыми жетістіктерін жоғары инновациялық препараттарға трансформациялау арқылы пациенттерді емдеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Компания өз күшін төрт терапия саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге шоғырландырады: онкология, гастроэнтерология, неврология мен сирек кездесетін аурулар. Плазма дериваттары және вакциналармен емдеу саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге мақсатты инвестициялар жүзеге асырылады. Компания емдеудің жаңа нұсқаларының шекарасын кеңейтіп, жаңа тиімді өнімдерді жасау үшін Ғылыми әзірлемелер бөлімшесін (R&D) пайдалана отыра, адамдардың өмірін өзгертуге көмектесетін жоғары инновациялық дәрілік препараттарды жасауға ден қойған. Біздің қызметкерлер пациенттердің өмір сапасын жақсартуға және шамамен 80 ел мен өңірлердегі денсаулық сақтау саласындағы серіктестерімізбен бірге қызмет етуге ұмтылады.