Үш бауырын жалғыз өзі асырап отырған 19 жастағы бойжеткенге көмек көрсетілді
Үш бауырын жалғыз өзі асырап отырған 19 жастағы бойжеткенге көмек көрсетілді
5,110
оқылды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов 19 жастағы Дильнас Шәріпбаевамен кездесті. Дильнастың айтуынша, анасы мен үлкен ағасының қайтыс болуына байланысты қолында 12, 14 және 16 жастағы кәмелетке толмаған сіңлісі мен бауырлары қалған. Әкімдік Дильнас бен оның кіші сіңлісінің колледждегі оқу ақысын төлеу мәселесін шешіп береді. Ал оның бауырларына жаппай оқыту қоры аясында көмек көрсетіледі. Оқу құралдарын сатып алуға сертификаттар мен қашықтан оқу үшін компьютерлер мен роутерлер беріледі. Сонымен бірге әкімдік оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етеді. Дильнас Шәріпбаева тұрақты жұмысқа орналасады. Әкімдік бұл отбасының балаларына алдағы уақытта тұрақты негізде көмек көрсетеді. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=313848789700055&id=100032248103092