«Астана» футбол клубы чехиялық маманға оның жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тілейді. Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы -Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады. Эшуорттың «PRO» санатындағы бапкерлік категориясы бар. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген» делінген ресми хабарламада.