Қазақстаннан 6 айда қанша адам көшіп кеткен?
Қазақстаннан 6 айда қанша адам көшіп кеткен?
Фото: Интернеттен алынды
157
оқылды
Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, қазақстандықтардың басым бөлігі – 9 800- ден аса адам ТМД елдеріне көшкен. Ресейге – 9 500, Өзбекстанға – 131, Беларуське – 101, Қырғызстанға – 33, Украинаға –  22, Әзербайжанға 16 қазақстандық көшкен. Сонымен қатар 1 169 қазақстандық: Германия – 780, АҚШ – 131, Канада – 59, Израиль – 20, Түркия – 17, Грекияға 7 адам қоныс аударған. 2019 жылдың осы кезеңінде елден 20 071 адам көшіп кеткен. Осылайша, мигранттардың саны 45,3 пайызға төмендеген. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында 1,8 мың қазақстандық техникалық білім алу үшін шетелге аттанған. Оның ішінде 990 адам – экономикалық білім, 539 – педагогика, 313 – медицина, 213 – заң, 136 – сәулет-құрылыс, 85 – ауыл шаруашылығы және 2,1 мыңнан аса қазақстандық басқа мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Жоғары білімі бар 3 395 (бұл көшіп кеткендердің 40,5 пайызы), кәсіби орта білімі бар – 2828 (33,7 пайыз), жалпы орта білімі бар – 1494 (17,8 пайыз), негізгі орта білімі бар 663 (7,9 пайыз) қазақстандық елден көшіп кеткен. 7921 мигрант 15 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа жетпеген, 459 адам бұл жас тобынан жоғары, 16 жасқа дейін 2,6 мың қазақстандық басқа елге қоныс аударған. Сонымен қатар, 503 қазақ, 7 705 орыс, 890 неміс, 759 украин, 271 татар, 141 поляк, 138 белорус, 81 өзбек, 73 корей, 47 әзербайжан және басқа ұлт өкілдері Қазақстаннан көшіп кеткен.