Блогерлердің табысы қанша?
Блогерлердің табысы қанша?
740
оқылды

Оқырман шынайы болмаса...

Әлеуметтік желі жарнама нарығының жаңа дәуірін қалыптастырды. Оқырман саны, пікірлер мен «лайктардың» көлемі артқан сайын жарнамадан түсетін табыс та еселене бермек. Әлемге аты әйгілі Криштиану Роналдудың 237 млн оқырманы бар. Кейбір деректер бойынша бұл оқырманның 30%-ы жалған аккаунт екені анықталған. Оқырман саны бойынша екінші орын алатын Селена Гоместің 189 млн оқырманы бар. Әншінің әр постын орташа есеппен 3,6 миллион адам "ұнатады" екен. блогер Санда бар да санатта жоқ оқырмандар біздегі блогерлер мен вайнерлерде де кездеседі. Мысалы, қазақстандық танымал вайнер Серғазы Тоқтарбаевтың 5,3 млн оқырманы бар. Серғазы 2015 жылдан бері инстаграм әлеуметік желісінде белсенді. Оның 5,3 млн оқырманының 2,8 млн-і сапалы аудитория. Шынайы оқырмандардың үлесі − 48,66 %, күмәндісі − 36,16%, массфоллоунг − 9,4% құрайды. Серғазының видеоларын көбіне ер азаматтар көреді екен. Әйелдерің үлесі – 34,4% болса, еркектердікі – 65,96%. Шынайы пікір қалдыратындардың үлесі – 33,8%-ды құрайды. блогер5 Блогер2 Өзін репер, вайнер, биші ретінде таныстыратын  Темірхан Асылбектің 3,1 млн оқырманы бар. 3 млн оқырманның 1,7 млн-і сапалы аудитория. Шынайы оқырмандар 56,17 %, күмәнді-29,69 %, массфоллоуuнг-14,23 %. Блогерлермен қатар, әншілердің де әлеуметтік желі арқылы табыс табатынын білеміз. Оларда барлық оқырман шынайы ма? Оның анық қанығын trendhero сайтына кіріп көрген болатынбыз. Мысалы, Ерке Есмаханның 5 млн 600 мың оқырманы бар екен. Оның 3 млн-ы ғана сапалы. Орташа есеппен әр постына 218 мың оқырман лайк басады. Ең қызығы, Ерке Есмаханды көп оқитын ресейліктер. Сосын барып, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан оқырмандары бар. Оқырмандардың 74 %-ы әйелдер екені де анықталып отыр. блогер4 блогер3 Оқырман саны 5 млннан асатындардың қатарында Қайрат Нұртас та бар. Оның шынайы оқырманы 2,6 млн. Оқырманының басым бөлігі қазақстандықтар. Олардың көбі Алматы қаласының тұрғындары. Көрші Қырғызстан мен Ресейден де оқырмандар бар.  Оқырмандарының жартысынан көбі әйелдер қауымы.

Карантин блогерлердің қалтасына қалай әсер етті?

[caption id="attachment_67966" align="aligncenter" width="283"]Блогер Фото Instagram парақшасынан алынды[/caption] Негізгі жарнама аудиториясы жас буын. Әсіресе әлеуметтік желіні 18-29 жастағы пайдаланушылар жиі қолданады. Яғни, бұл аудиторияға жарнама өткізу тиімді. Бірақ жарнамалауға тұратын я болмаса тұрмайтын дүниелер барын назардан тыс қалдырып жатамыз. Кейде ақшасы төленсе болды деп барлық ұсынысқа келісе беретіндердің ісіне сыни көзбен қараймыз. Осы ретте, қандай ұсыныстардан бас тарту керектігі турасында және карантин жағдайы блогерлерге қалай әсер еткені жайында блогер Өркен Кенжебек былай дейді: «Менің табыс көзім тек блогерлікпен шектелмейді. Қосымша 5-6 жобам бар. Бірі жабылса, екіншісімен айналысамын. Салықты уақытылы төлеймін. Арақ-шарап сияқты өнімдерді жарнамалаудан бас тартамын. Ал биліктің бастамаларына келер болсақ, қашанда мемлекеттің идеологиялық бағыттағы жобаларын түсіндіріп келеміз. Оның ішінде ақысы төленгені, төленбегені де бар. Қандай реформа болсын басында халық бірден жылы қабылданып кетпейді. Жаңа іске сыншы көп. Мысалы, жер реформасы, әлеуметтік сақтандыру реформасы болсын қызу талқылауға түсетін тақырып болғандықтан қойылатын басы ашық сұрақтар да жеткілікті. Біз сарапшы емеспіз. Бар болғаны берілген ақпаратты ұсынамыз. Блогер әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратушы ғана. Есер қандай да бір мәселені түсіндіре алмаса, ол ешкімнің кінәсі емес. Кезінде жер мәселесі бойынша дүмпу болған кезде «алаңға шықпаңдар» дедік. Сол үшін де халық жауы атандық. Блогерлікпен айналысып жүрген 11 жылдың ішінде не болмады. Жалпы негатив ақпаратты жарияладым, сондай ұсынысты насихаттадым деп айта алмаймын», − дейді блогер. Блогерлердің жарнамасымен айналысатын Димаш есімді жігіт компанияларында жиырма шақты блогер барын айтып, олардың ішінде ең оқырманы көп Серғазы Тоқтарбекті атады. Оның бүгінгі күні 5,3 млн оқырманы бар. Жарнамадан табатын табысы әртүрлі. «Елімізде енгізілген карантин біздегі жарнама нарығына еш әсер еткен жоқ. Табыс көлемі әрқалай. Нақты сумманы айта алмаймын. Коммерциялық құпия. Жарнамалайтын заттың санына байланысты ақшасы бекітіледі. Тек қаржылай емес, жеңілдік жасау сынды басқа да есеп айрысу түрлері бар. Бірақ арақ-темекі т.б зиянды жарнамалардан бас тартамыз. Салық мәселесі бойынша ешқандай заң бұзып отырған жоқпыз. Басқа ақпарат бере алмаймын. Біздің әр минутымыз ақша», − дейді Димаш. Табыс көлемі 300 мың, кейде 1 млн теңге болуы мүмкін Әлеуметтік желіде қазақтың Дәулеті деп танылған экономист, Дәулет Төлеутайұлы блогерлер карантин кезінде қиналған  жоқ, керісінше, оларға жарнамалық ұсыныстар артқанын айтады. Блогер0 «Карантин кезінде өнер адамдары мен блогерлер сыйлық таратқыш болып кетті. Әрине оның да демеушілері бар. Солардың жарнамасын жасап, вайнер мен блогерлердің табысы да саны да артып отыр. Бұл қатарға онлайн сабақ өткізушілерді де қосуға болады. Менің табысым сұранысқа және ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады. Ай сайын қатып қалған табыс көзі жоқ. Кейде 300 мың, кейде 1 млн теңге болуы мүмкін. Кейде мүлде ешқандай табыс болмауы мүмкін. Кей сәттерде жақын адамдарыңның жарнамасын тегін жасауға тура келеді. Арасында халыққа керек ақпарат болуы мүмкін. Жалпы жарнамамен басымды ауыртпаймын. Осыныз да шаруам шаш етектен. Маған келген жарнамалық ұсыныстармен аутсорсинг компания айналысады. Клиентпен сөйлесу, бағаны бекіту солардың құзіретінде. Салық мәселесімен де солар айналысады. Барлық шығындарды есептеп, есеп-қисабын түгендеп қалғанын маған айлық ретінде беріп отырады», − дейді Дәулет. Оның айтуынша, кезінде мемлекеттік органдардан айына үш-төрт рет пост жазып, мақтау керектігі туралы ұсыныс түсіпті. Айлығы 250 мың теңге. Бұл ұсынсытан бас тартқан. Себебін былай түсіндіреді. «Шын мәнінде өздері айтқандай қатырып, қырып-жойып жұмыс істеп жатқан жоқ. Барды бар деп айту керек. Жүйелі жұмыс жүргізілсе, нәтиже болады. Оны халық сезінеді. Ал жоқ нәрсені қалай бар деп айтасың? Олай десең, ақша үшін біреудің сөзін сөйлеп тұрғаныңды халық біледі. Жөні дұрыс нәрсе болса, тегін таратуға да болады. Ал көңіліңе қонбай тұрса, қанша ақша төлесе де келіспеймін. Жарнама жасасаң да, халықтың кәдеге жарататын, пайдалы ақпарат болуы тиіс. Кезінде атағы жер жарып тұрғанына қарамастан кейбір өнер адамдары қаржылық пирамидаларды жарнамалаған кезде қынжылған едім. Маған да кезінде танымайтын біреудің ұтысын жарнамалауға 4 млн теңге ұсынған болатын. Келіспеген сайын олар бағасын көтере берді. Мен бастарттым. Себебі, мен үшін қасықпен жинаған абырой, шелектеп төгілмеуі маңызды. Кез келген ұсынысты жан жақты қарап, зерттеп барып шешім шығарамын. Өткен айда аутсорсинг компанияға түскен жарнамалардың ішінде 36-сынан бас тарттым. Оның ішінде сенімсіз ұйымдар бар, делдалдар, қаржы пирамидалары, түрлі ұтыс ойындарынан бас тарамын», − дейді ол. Бар болғаны ақша табудың жолы Блогер Өркен Кенжебектің айтуынша, қазіргі кезде қандай жолмен болсын танылып жүрген блогерлер мен вайнерлерге ешқандай сыни көзқарас қажет емес. Бұл бар болғаны ақша табудың жолы. Әлеуметтік желі жұлдыздарының жазбасында қандай да бір тәрбиелік мән болуы міндетті емес. «Баланы әлеуметтік желінің тәрбиесіне беріп қойғаны үшін бірінші кезекте ата-ана кінәлі. Сосын мектеп кінәлі» дейді блогер. Блогер мен вайнерлердың жарнамасымен айналысатын NATIV жарнама агенттігі келтірген мәлімет бойынша 1 млн мен 5 млн аралығындағы оқырманы бар вайнерлердің 1 минуттық видео ролигі 1 жарым млн теңгені тұрады. Видеодағы сценарийдің жеңіл я болмаса күрделі болуы бағаға әсер етпейді. Бекітілгені сол. Әр вайнердің өз жеке командасы бар. Солардың дайындаған бірнеше сценарийдің ішінен тапсырыс беруші өзіне ұнағанын алады. Ал неғұрлым оқырман саны көп болса, видео көрушілер саны да жоғары болмақ.

Еркежан АЙТҚАЗЫ