Жастар да жалдамалы пәтерден үмітті
Жастар да жалдамалы пәтерден үмітті
277
оқылды

Жыл соңына дейін ірі қа­ла­­лардағы жұмыс істейтін жас­тар 10-12 мың теңгелік жал­­­дамалы пәтерге ие бол­­­­мақ. Бірақ пәтер сатып алу құ­қығынсыз беріледі. Са­рап­­шылар «бұл жастарды бас­­­па­намен қамтамасыз ету­ге бағытталған тиім­ді ше­­­шім, де­генмен әлеу­мет­тік әлсіз топтар ескеру­сіз қа­луы мүмкін» деп бол­­жа­са, комитет өкілі жас­­тар ар­­зан пәтерде тұру ар­қы­лы тұр­ғын үйге қара­жат жи­нау­ға мүмкіндік алаты­нын айтты.

Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білімі туралы құжаттың көшірмесі, неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса), балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса), өтініш берушіге және отбасының барлық мүшесіне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 АЕК мөлшерінде екенін растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама. Одан бөлек, еңбек өтілін растайтын құжаттар, банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді, өтініш берушінің түрлі қызмет саласындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса) қажет.

Осы тізімге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағ­дайда, бір жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды қосымша ұсынуға мүмкіндік берілмек.

Өтініш беруші талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уә­кілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды беру­ден жазбаша түрде бас тартады.

Балдарды есептеу балдық жүйе бойынша жүзеге асыры­лады:

1) «Еңбек» мемлекеттік бағ­дар­ламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойын­­ша уәкілетті орган бекіт­кен нарықта 100 сұранысқа ие кә­сіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті мең­герген өтініш берушіге – 10 балл;
2) отбасы болған жағдайда – 5 балл, некеде тіркелген әрбір жы­лы үшін – 2 балл;
3) 1 бала болған жағдайда – 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін – 2 балл;
4) жеке кәсіпкерлік қызметті жү­зеге асырған кезде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;
5) өтініш берушінің түрлі қыз­мет салаларында жеке жетіс­тік­тері болған жағдайда – 2 балл;
6) бюджеттік ұйымдардағы ең­бек қызметі үшін – 5 балл, өті­­лінің әрбір жылы үшін – 1 балл;
7) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы жинақ­тар­дың әрбір жылы үшін – 2 балл.

Балдар тең болған жағдайда өті­ніш берген күннен бұрын өтініш берген үміткерлер басым­дық­қа ие болады. Уәкілетті ор­ган сатып алу құқығынсыз жал­ға берілетін тұрғын үйді беру ту­ралы шешім қабылдағаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде өті­ніш беруші мен уәкілетті орган ара­сында тұрғын үйді жалдау шар­ты жасалады. Сатып алу құ­қығынсыз жалға берілетін тұр­ғын үй 5 жыл мерзімге бе­рі­леді. Әрине, шарттарды бұз­ған жағ­дай­да азамат пәтерді босатады.

Баспасөз өкілдеріне арналған жиын­да Ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі Жұлдыз Омар­бекова пәтерді жалға алған мер­зім ішінде жастар өз пәтеріне қара­жат жинауы қажеттігін айтты.

– Осы пәтерде тұрған 3-5 жыл ішінде ай сайын жалға 10-12 мың теңге ғана төлейсіз. Аза­мат өз баспанасына қаражат жи­науы үшін осындай сома бе­кітілді. Ең басты талап – Тұр­ғынүй­құры­лысжинақ бан­кіне шот ашу немесе басқа да мемлекеттік бағ­дар­ламаларға қатысу. Осы арқылы біз бола­шақта сатып алатын тұр­ғын үйіңізге ақша жинап отыр­ға­ныңызды көруіміз керек. Себебі бұл бағдарлама жас отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға бас­паналы болудың бастапқы ке­зеңінде қолдау көрсетуге ба­ғыт­талған. Осы мерзім ішінде жас­тар кем дегенде алғашқы жар­на мөлшерін жинап, пәтерді бас­қа да мұқтаж жандарға босатуы қа­жет, – деді ол.

«Тәуелсіздік күніне орай тұр­ғындардың алғашқы легіне бас­пана кілтін беру жоспарда бар. Жыл соңына дейін барлық қа­ла бойынша 3 мыңдай пәтерді та­быстасақ деп отырмыз. Бірақ бұл мемлекетттік сатып алулар, құры­лыс секілді процедураларға тәуелді» деген еді Жастар жә­не отбасы істері комитетінің тө­­­ра­ғасы Мадияр Қожахмет. Жал­­да­малы пәтер сатып алу құ­қы­ғын­сыз берілетіндіктен, бағ­дар­ла­ма шарттарына қатысты ко­митет төрағасына бірнеше сауал жолдаған болатынбыз.

– Жастарды жалдамалы пә­тер­мен қамтамасыз ету Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қа­ла­ларындағы баспанаға деген мұ­қтаждықты азайтуға септігін тигізе ала ма?

– Қазіргі таңда статистика бойын­ша, Нұр-Сұлтан қала­сында 245 586 мың жас болса, оның 7669-ы үй кезегінде тұр, Алматы қаласында – 692,0 мың жас болса оның 22 597-і үй кезегінде тұр, Шым­кентте 264 281 мың жас болса, оның 11 022-і үй кезегінде тұра­ды. Осы аталған статистикаға сәй­кес, аталған қалалардағы жас­тарға 1050 пәтерден берсе, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –13,16%, Алматы қаласы бойынша – 4,55%, Шым­кент қа­ласы бойынша 9,9% -ға азайтуға септігін тигізеді.


– Баспанасыз адам үшін ірі қа­лада екі жыл тұрақты тіркеуде тұру қиындық туғызбай ма? Бұл қан­шалықты әділетті? Әкім­шілік кедергінің бір түрі емес пе?

– Жұмыс істеп жүрген жас­тар­ға сатып алу құқығынсыз жал­ға берілетін тұрғынжай беру қағидасының 2-тарауы 4-тар­ма­ғына сәйкес Қазақстан Үкі­метінің 2018 жылғы 22 мау­сымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мем­лекеттік бағ­дарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұ­мыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беріледі.

Осы талаптардың бірі «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құ­ры­лысы бағдарламасының 5,1-тармағының 3) тармақ­шасына сәй­кес Нұр-Сұлтан, Алматы жә­не Шымкент қала­ларында тұр­ғылықты жері бойын­ша соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тір­келуін растау (осы қалаларда тұр­ғын үй алуға үміттенетін адам­дар үшін).

Мұндай талаптарды барлық ха­лықаралық тәжірибелерден кез­дестіруге болады. Сондай-ақ, мұн­дай талаптар қойылмаса ішкі миг­рацияға өз әсері тиері сөзсіз.

– Жалдамалы пәтерге өтініш беру­шінің жұмыс орны қалада болуы міндеттеледі ме?

– Жоқ міндеттелмейді, егер­де жоғарыда баяндалған талап­тар­ға сәйкес келсе. Ол аталған қа­лаларда 2 жылдық тіркелуі болса мін­деттелмейді.

– Өз пәтері болмағандықтан, аза­маттар тарапынан үй-жайды күтуде ұқыпсыздықтар кездесуі мүмкін. Жалдамалы пәтердің тех­ни­калық ахуалына кім жауап­ты болады?

–Үміткер пәтер алған жағ­дай­да уәкілетті орган арасында ке­лісімшарт жасалады. Осы ке­лісімшартта жалдаушының мін­детіне жүктелетін болады.

– Алматы қаласы мен Шым­кент қаласындағы жалдамалы пә­терге өтініш берушілерге қо­сымша та­лаптар қойыла ма?

– Жұмыс істеп жүрген жас­тар­ға сатып алу құқығынсыз жал­ға берілетін тұрғынжай беру қа­ғидасы үш қалаға тең заңды кү­ші бар. Сондықтан да Алматы мен Шымкент қалаларына деген ар­найы немесе жекеленген та­лаптар жоқ.

Ал экономист Дәулетбек Тоқ­­тасынұлының айтуынша, жас­тардың әлеуметтік-эконо­ми­калық жағдайын көтеру, тұр­мы­сын жақсарту, жастарға деген қамқорлықты арттыру мемлекет үшін аса маңызды.

– Қазір жастардың көп­ші­лігі үйсіз-күйсіз пәтер жал­дап тұрады. Бұл бағдарлама – осы тұрғын үйге де­ген мұқ­таж­дықты шешудің тиім­ді тетігі. Осы арқылы жас­­тардың экономикалық бел­сен­ділігін арттыра түсуге мүмкіндік туар еді. Мұның артында үлкен экономикалық-саяси мән бар. Ендігі жерде осы жобаның ау­қы­мын кеңейту керек. Мы­са­лы, инвестициялық жоба­лар­дан түскен қаражат немесе жер­гілікті бюджет арқылы ұлт­тық ком­па­нияларға осындай тұрғын үй­лер­ді салуды жүкету қажет. Сонымен бірге жастарға арналған жатақхана мәселесін де тезірек қолға алған жөн. Өйткені ЖОО-да жатақханамен қамтылған сту­денттер саны 50-60 пайызды да құрамайды. Барлығы пәтер жалдап тұрады. Мысалы, бір ғана Абылай хан даңғылының бойындағы пәтерін жалға беру­шілер мем­лекетке салық төлеп, үкіметке кіріс келітіріп жатқан жоқ. Осы сұраныстың орынын то­лық қамту қажет. Сондықтан мем­­лекеттің бұл жобасын толық қол­даймын, – дейді экономист.

Zertteu Research Institute қо­ғам­дық қорының жетекшісі Шол­­пан Айтенова бағдарлама жас­­тарды баспанамен қамтуға ба­ғытталғанымен, 29 жасқа дейінгі әлеуметтік әлсіз топ өкіл­дері ес­кер­усіз қалған дегенді алға тартты.

– Менің ойымша, бұл – жақ­сы бастама. Бірақ өтініш беру­шілерге табысы 40 АЕК-тен жоғары болуы керек деген та­лап қойылған. Және арнаулы уә­кілетті орган бекіткен ең көп сұра­нысқа ие 100 мамандық ие­леріне басымдық беріледі. Міне, осы шарттарды толық орын­дау қиын. Нәтижесінде бұл ті­зімге шынында да мұқтаж жас­­тар ілікпей қалуы мүмкін. Мысалы, 100 мың теңгеден жо­ғары табыс табатын және маман­дығы бойынша сұранысқа ие жастарға мұндай баспана қажет те болмауы мүмкін. Ал даяршы немесе бала күтуші болып қызмет ететін жастардың табысы төмен болғандықтан, бұл бағдарламаға ілікпей қалуы мүмкін. Сол се­беп­ті бұл бағдарлама жастар ара­сындағы әлеуметтік әлсіз топ­­тарды қамтамасыз ете ал­май­­ды. Меніңше, алдын ала жас­тар арасында қандай топтар баспанаға мұқтаж екендігін анық­­тап, толық талдау жасау қа­­жет еді. Себебі жалақысы жо­ға­ры жастар екінші деңгейлі банктерден-ақ ипотека алуына болады. Жалпы бағдарламаны толықтай қолдаймын. Дегенмен жастардың, оның ішінде әл­сіз топ­тардың баспанамен қам­тылуын ескерген дұрыс болар еді, – деді Ш.Айтенова.


Кәмила ДҮЙСЕН