Жылыту маусымы жақындап қалды
Жылыту маусымы жақындап қалды
480
оқылды
Премьер-Министр Асқар Мамин­нің төрағалығымен өт­кен Үкі­меттің селекторлық оты­ры­сын­да алдағы күзгі-қысқы мау­сымға дайындық барысы қаралған болатын. Алдағы күзгі-қысқы маусымға дайын­дық аясында елімізде 8 энергети­калық блокты, 59 қазандық пен 44 турбинаны жөндеу, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халық үшін нарықта көмірдің болуын қам­тамасыз ету көзделді. Үкімет басшысы өңірлердің әкім­діктеріне алдағы жылыту мау­сы­мына сапалы дайындық ша­ра­­ла­рын күшейтуді, бар­лық жос­пар­ланған жөндеу жұмыста­рын уақы­тылы аяқтауды және тұрғын үй-ком­муналдық шаруа­шы­лық, ден­саулық сақтау және әлеуметтік саланың барлық ны­са­нының жылыту маусымына дайын­дығын қамтамасыз етуді тап­сырды. Сондай-ақ Энер­­гетика, Индустрия және инфра­құ­ры­лым­дық даму министр­лік­теріне алдағы жылыту мау­сы­мына дайындық бары­сына пәрменді бақылау мен мони­торинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Қазіргі кезде елордада жылу кешендері, тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық, білім, мә­дениет және денсаулық сақтау нысандарын жылыту маусымына дайындау бе­кітілген жоспар бойынша жалғасып жатыр. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруа­шы­лық басқармасы басшысының орын­басары Бағдат Байсадықов мә­лім­деген болатын. Оның ай­туын­ша, қаладағы жылу электр стан­са­ла­рын­дағы жөндеу жұмыс­тары 85 па­йызға аяқталған. ЖЭО-2 80 па­йыз пай­далануға дайын. «Ас­тана энер­­гия» аудандық қа­зан­­­дық­­­та­рының дайындығы 95 пайыз. Стансалар стандартты 20 тәу­ліктік жанармай қорын жина­ған. Көмір қоры 427 076 тонна, оның ішінде ЖЭО-1 –103 4999 тонна; ЖЭО-2 – 323,577 тонна мөлшерінде. – Орталықтандырылған жылу жүйесіндегі жылу желілерінің қол­жетімділігі 94 пайызды құ­рай­­ды. Жалпы ұзындығы 1 150 метр ма­гис­тральдық жылу желі­ле­ріне күр­делі жөндеу жүргізілуде. Жалпы ұзын­дығы 4 700 метр бо­­латын жылу тарату желілеріне жөн­деу жүргізілуде. Жылу оқшау­лауды қамтамасыз ететін 966 шар­шы метр желіні қалпына келтіру бо­йынша жұмыстар аяқталды, – деп атап өтті басқарма басшы­сының орынбасары. Көппәтерлі тұрғын үй қоры­ның дайындығы 93% деп баға­ланып отыр. Атап айтқанда, 2 671 үйдің 2 476-сы дайын. Сонымен қатар халық үшін көмір қоры да қамтамасыз етілген. Алматы облысында да алда­ғы жылыту маусымына дайын­дық басталды. Облыстық Энер­­гетика және тұрғын үй-ком­­му­налдық ша­­руашылығы басқар­­масының мәліметінше, жылыту мау­сы­мына дайындық аясын­дағы жөндеу жұ­мыс­тары бекітіл­ген кестеге сәйкес жүреді. Облысы әкімінің баспасөз қыз­ме­тінің хабар­лауынша, атал­мыш жұмыс­тарды жүргізу мақса­тында бюд­жеттен 9,5 млрд теңге бө­лінген. Оның 521,4 млн тең­гесі жылу жүйесін жөндеуге және құрал-жаб­­­дықтар алуға, ал 9 млрд тең­­гесі көмір, мазут, дизель оты­нын са­тып алуға қарастырылған. Со­ны­мен қатар қосымша 2,1 млрд теңге кәсіпорындардың жеке қара­жаты есебінен берілді. Жалпы, жаңа жылыту маусымына 35 орталық қазан­дық дайындалуы тиіс. Қорыта айтқанда, биылғы жылыту маусымы да еш қиын­дық­сыз өтуі үшін дайын­дық жұ­мыс­тарын жергілікті облыс бас­шылығы басты назарда ұстап отыр. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары Түркістанда да қар­қынды жүргізілуде. Облыстық Энер­гетитика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас­қар­масының мәліметінше, өңір­де «2020-2021» жылдардың жылыту мау­сымына дайындық жұмыс­тары жоғары деңгейде. Жы­лыту мау­сымына дейін Түр­кістан қа­ла­сында Отырар шағынауданындағы №2 қазан­дықты кеңейту және әкімшілік іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерге жылу беретін 5 жеке қазандығын орнатып, жылу жүйелерін жүргізу жұмыстарын аяқтау көзделуде. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев­тің тапсырмасына сәйкес, тұр­ғындар арасында шаһарда тұр­ғын үйлер мен өзге де нысандарды табиғи газға көшірудің тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал облыс бойынша қазір аудан, қала халқына жылу жеткізетін 35 қа­зандықтың 23-і аязды қысқа сақадай-сай тұр. Қалғандарында дайындық жұмыстары басталып кетті. Өңірде 1 522 көпқабатты үй болса, оның 586-да орталықтан­дырыл­ған жылумен қамту жүйесі орнатылған. Тұрғын үйлердің 80 пайызға жуығы қысқа дайын. 2 623 бюджеттік мекеменің 2 214-і жылыту маусымына толық әзірленген. БҚО-да да дайындық барысы қадағалануда. Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков жуырда «Батыс су арнасы» ЖШС-нің жы­лыту маусымына дайындығын тек­серіп қайтыпты. Ол алдымен ашық су жинағыштағы сорғы стан­сасында болып, аталған серік­тес­тің ғимаратында бар­лық мер­дігердің, тиісті сала мамандары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Серіктестік директоры Қайырғали Имашев жылыту маусы­мына да­йындық кезеңінде 250 млн теңге игеру қажет екенін айтты. Ал «Батыс су арнасы» ЖШС бас директорының орынбасары Арман Кенжебаевтың айтуынша, биыл апатты жағдайлар едәуір азайған. Ақтөбеде жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Шаһардағы дайындықты қала әкімі Ілияс Испанов пысықтады. Бүгінгі таңда аталған өңірде 2 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй бар. 1 600-ден астамы басқару формасына ие. Қазір қалада жылыту маусы­мына дайындық қарқынды жүр­гізілуде. Көпқабатты тұрғын үй­лерге жауап­тылар инженерлік жылыту жүйе­лерін тамыз, қыр­күйек айларына дейін жөндеп бітуі керек. Қызылордада да жылу мау­сы­­мына дайындық барысы пысық­­талды. Об­лыс­тық Энерге­­тика және тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық басқарма­сының басшысы Руслан Нұрмаған­бетов­тің айтуынша, аймақта алдағы жылу беру маусымында 1 185 әлеу­меттік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Бүгінде тұр­ғын­дарға қажетті 25 мың тон­на көмір отыны жеткізілген. Қа­ла және аудан тұрғындары үшін көмір баға­сының өсуіне жол бермеу мақ­сатында көмір өнді­ре­тін кәсіпорындармен тікелей ке­лісімшарт жасау жұмыстары бас­тал­ған. Облыс бойынша 19 әлеу­­­меттік нысанның жылу қазан­дықтарын газ отынына бейімдеу жұмыстары жоспарланған. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейін қа­жетті шараларды кезең-кезеңімен іске асырып, жылу жүйелері талапқа сай уақытылы дайын болу керектігін тапсырды. Бұл ретте қысқа дайын­дық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында болады. ШҚО Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәулет Батырбаев та өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын айтқан бола­тын. Оның сөзінше, Шығыс Қа­зақстандағы денсаулық сақтау ны­сандары – 79 пайыз, білім беру нысандары – 76 пайыз, әлеуметтік қор­ғау нысандары – 82 пайыз, тұр­ғын үйлер 63 пайызға дайын екен. Өңірде ең бастысы, жылу көздері мен тіршілікті қамтамасыз ету ны­сандарын отынмен қамтуға баса назар аударылуда. Облыстағы ЖЭО мен жылу көз­дерінде 342 мың тонна немесе 165 пайыз эксплуатациялық қор жиналған. Тұрғындарды жылы­ту маусымында көмірмен қам­тамасыз ету үшін 1123,6 мың тон­на қажет. Қазір 695,8 мың тон­­на көмір немесе 62 пайыз жет­кі­зілді. Жалпы айтқанда, бұл ай­­мақта да жылыту мау­сымына дайын­дық үнемі бақы­лауда тұр. Айтпақшы, биыл Павлодар об­лысында жылу жылдағы мер­зімінен бұрын берілуі мүмкін. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында облыс әкімінің есеп беруінен кейін депутат Владимир Берковский өңір басшысына осындай ұсыныс жасапты. Ал Әбілқайыр Сқақов бұл мәселе аудандық және қалалық ауру­ханаларда қарастырылып жат­қанын айтып, бұл мәселені бірінші кезектегі күн тәртібінде ұстайтынын жеткізген. Әкімдіктердің деректері бойын­­­ша қазіргі уақытта рес­пуб­­лика кө­лемінде жылыту мау­сымы­на дайын­дық шамамен 70 пайыз­ды құрайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де жергілікті ат­қарушы органдардың алдағы жылу беру маусымына дайындығын қадағалап отыр. 2020-2021 жылғы күз­гі-қыс кезеңіне дайындық жос­парына сәйкес биылғы 1 қыркүйекке дейін елімізде білім беру объектілері 100 пайыз дайын болады екен. Барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық, тұрғын үй, ден­сау­лық сақтау және әлеуметтік сала объектілері 2020 жылғы 15 қазанға дейін дайындалады. Жалпы алғанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты режимде жүргізіліп жатыр.  

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ