Мектептен уақытша берген компьютер, ноутбук істен шықса, ата-аналар ақшасын төлейді
Мектептен уақытша берген компьютер, ноутбук істен шықса, ата-аналар ақшасын төлейді
Фото: zakon.kz
325
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бірақ тиісті техникамен қамтамасыз етілмеген оқушылар әлі де бар. Білім және ғылым министрі 1 қыркүйекке дейін компьютерлерді үлестіріп үлгеретініне сенімді.
Бірақ құрылғы бұзылған жағдайда министр Асхат Аймағамбетов: «Заңнамаға сәйкес іске асырылатын болады. Бізде мемлекеттік мүлік туралы заң бар, азаматтық кодекс. Осы заңның 72, 76-баптары осы мәселені қадағалайды. Сондықтан бұл заң шеңберінде шешіледі», – деді.
Ал заңгер Жандос Тұяқов: «Істен шығарған жағдайда міндетті түрде құны өтелуі тиіс. Ерікті түрде не сот арқылы мемлекеттің пайдасына жүзеге асырылатын болады», – дейді. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – мектептегі кезекші сыныптар. Қазір бұл жаңашылдыққа 500 мыңнан аса ата-ана өтініш берген. Егерде оқушылар мен ұстаздар арасында індетті жұқтырғандар табылса, мектепте сабақ өткізу тоқтатылады.