Абай Құнанбайұлына арналған монеталар айналымға шықты
Абай Құнанбайұлына арналған монеталар айналымға шықты
Фото: Интернеттен алынды
173
оқылды
Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталары 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап сатуға түседі. Монеталарды ҚР Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарынан сатып алуға болады. Күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған монеталарды Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. «Ұлттық банкі аталған монеталарды 2020 жылдың 10 тамызында айналымға шығарды. Оларды шығару ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылды. Қазақстан Республикасында карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату одан бұрын кейінге қалдырылған болатын» делінген хабарламада.