Сондықтан банк қызметкерлерінің әрекетіне өте мұқият болу керек, – деп жазады «Прайм» адвокаттар алқасы филиалының меңгерушісі Анатолий Мироновқа сілтеме жасаған «Спутник Қазақстан».
Анатолий Мироновтың айтуынша, клиент банкке барған сайын депозитін толықтырғанымен, тексеруді ұдайы қаперге ала бермейді. Осы кезде алаяқтар өз жоспарын іске асыруы мүмкін.
«Өкінішке қарай, банк салымындағы жеке тұлғалар ақшасының жоғалуына банк қызметкерлерінің қатысы болады. Сондықтан олар ұсынған құжатты барынша тексеріп, қол қою қажет», – дейді ол.
Мәселен, банк қызметкері тиімді үстемақысы бар депозитті жарнамалауы мүмкін. Клиент бұған келісіп, келісімшартқа қол қоя салады. Мұндай кезде құжаттың өте ұсақ әріппен жазылған тұсына мән берген жөн.
Өйткені барлық қаражат банк қызметкерінің басқаруына көшіп кетуі ғажап емес. Кейін ақшаны қайтару мүмкін емес. Заңгер барлық жинақты бір банкте сақтау тиімді екенін айтып отыр.