Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күрт құбылмалы болады
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күрт құбылмалы болады
Фото: Интернеттен алынды
129
оқылды
Республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек оңтүстік, оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстанның кей бөлігінде ғана тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақтан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Батыс Қазақстан облысының бірқатар өңірінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Павлодар облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.