31 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданы Бабушкин көшесіндегі қалалық ауруханаға оқтан жараланған үш адам түсті.
Жәбірленушілердің бірі алған жарақатынан қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабымен сот алдындағы тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері "қылмысты жасады" деген күдікке ілінген 31 жастағы тұрғынды ұстады.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.