Санитар дәрігерлердің талаптарына сәйкес карантин жағдайында жаңа оқу жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі форматта басталады.
Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды, оның шамамен 75% – 6 жастағы балалар.
Дегенмен, ата-аналардың шешімі бойынша жыл соңына дейін алты жасқа толатын 11 мыңға жуық бала мектеп оқушысы атанды. Балалардың жас ерекшелігі мен ата-аналардың тілегі ескерілді, мектептерде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істеп тұр.
Жаңа оқу жылында бастауыш сыныптарда бір миллионнан астам бала оқиды, оның 60% ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша мектептерде, кезекші сыныптарда станитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып оқуды бастады.
Қазақстанда 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді, оның 3 мыңға жуығында 1-11 сынып оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастады.
Негізінен, бұл - шалғайдағы шағын жинақталған мектептер, олардың әрқайсысында 180-нен астам бала бар. Тиісті шешімді санитар дәрігерлер қабылдады. Шамамен 2,6 млн оқушы жаңа оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастады. Олар отандық білім платформаларын пайдалана отырып, қашықтан оқиды.
«Балапан» және «Ел Арна» республикалық телеарналардан телесабақтар көрсетіледі. Биыл жаңартылған білім беру мазмұнына толық көшу аяқталғанын айта кеткен жөн.
Бүгін еліміз бойынша жаңа 32 мектеп ашылды, жыл соңына дейін тағы 77 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оларға мектеп компьютерлері мен роутерлерді уақытша пайдалануға берді.
Жаңа оқу жылында мектептерде 10 258 жас маман жұмысын бастады.