Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Фото: Интернеттен алынды
5,132
оқылды
Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайтын бүгінгі жиынға Мәжілістің – 98 және Сенаттың 44 депутаты қатысып отыр. Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері толық құрамда қатысып жатыр. Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары да отырысқа келген. Жолдауда айтылған мәселелерді алдағы уақытта жариялаймыз.