Жетісулықтар праймеризде белсенді
Жетісулықтар праймеризде белсенді
5,086
оқылды
Олардың қатарында көп­ба­лалы ана­лар, белсенді жас­тар, көшбасшы әйелдер, мүм­кіндігі шектеулі азаматтар, та­ғы бас­қа да әлеуметтік топ­тардан үміткерлер бар. Нәзік жанды қыз-келіншектер  прай­­меризде белсенділік танытуда. Пар­тия­ішілік іріктеуге қатысу­шылардың 36,4 пайызын әйелдер құрайды. Қазіргі кезде  саяси додаға қаты­су­шылар үгіт-насихат жұ­­­­­­мыс­­тарына жан-жақты дайын­­­­­далуда. Насихаттық ке­зеңде  өткізілетін шараларды пысықтап, арнайы штаб құ­рып, өз өкілдерін сайлап жа­тыр. 7  қыркүйекте үгіт-насихат кезеңі басталады. Әр кандидат хал-қадірінше өз бағ­дарламасын түсіндіріп, өзін сайлауға ниеттілердің қатарын толықтыруға қа­­­­­­ре­кет қылады. Бұдан соң, яғни 1-3 қа­­занда дауыс беру кезеңі басталады. Егер сіз партия мүшесі болсаңыз, үйден шықпай-ақ дауыс бере алатын мүмкіндік жасалды. Кандидаттарға онлайн түрде primaries.kz веб-порталымен және саяси науқанға орай әзірленген мобильді қо­сымша арқылы дауыс беруге болады. Ал сіз орналасқан ай­мақта интернет желісі әлсіз немесе мүлдем болмаған жағ­дайда партия өкілі дауыс беру учаскесіне келіп, бюллетень арқылы дауыс бере алады. Болмаса онлайн ка­­бинканың қызметін қол­данады. Кандидаттардың тізімін пор­­­­­талдағы арнайы сілтемеден көре аласыздар. Егер партия құрамында болсаңыз, веб-портал немесе мобильді қосымша арқылы тіркеліп, «Кандидаттар» бөлімшесін басу арқылы олармен танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, елі­мізде «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеуі – праймериз жүріп жатыр және ол 3 қазанға дейін жалғаспақ.  

Болат АБАҒАН,  Алматы облысы