Атырауда салмағы 118 келі қортпа балығы бекіре зауытына тапсырылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
31 тамызда «Амангелді» атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары кіші Дамбыдан салмағы 118 келі болатын қортпа балығын аулады.
Бекіре тұқымдас балықтар тобына жататын алып қортпа «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды.
«Әлемде бекіре тұқымдас бағалы балықтар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Сол себептен, табиғи қоры азайған мұндай балықтар тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады», – дейді мамандар.