«Алматы жастары 3.0»: өтінімдердің жартысы қабылданбады
«Алматы жастары 3.0»:  өтінімдердің жартысы қабылданбады
191
оқылды
Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі әр клиенттің тө­лем қабілетіне байланысты әр­түрлі. Тұтынушы 3 жылдан 25 жыл­ға дейінгі аралықта төлем қабілетіне қарай есеп айырыса алады. Ал­ғашқы жарна 10 па­йызға тең. Осы бағдарлама үшін әкімдік 10 миллиард теңге, ал «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі» 3 миллиард теңге бөлген. Үміт­керлер өз қалауы бойынша жаңа немесе екінші нарықтағы үйдегі пәтерлерге таңдау жасай алады. Бағдарламаға қатысудың негізгі бірнеше талабы бар. Олар: қатысушының жасы 35 жасқа де­йін болуы керек, сондай-ақ өт­ініш беру кезінде отбасылы болса, жұбайының жасы маңызды емес. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады; үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ ел аумағында соңғы 5 жылда тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, ел аумағында мемле­кеттік бағдарламалар желісі бо­йын­ша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен меншігін құрайтын үлестік мен­шіктегі үлес немесе жалға бе­ріл­етін тұрғын үй, бұған жеке­шелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жас­тарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда; қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бо­йынша Алматы қаласында кем де­генде соңғы 6 ай, міндетті зей­нетақы мөлшерлемесімен бо­­луы қажет. Бағдарламаның ау­диториясы – бюджет саласын­дағы жас қызметкерлер. Олар: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО және ҒЗИ, әлеуметтік сала қызметкерлері мен журналистер. Басты мақсат – бюджет саласындағы жас қыз­меткерлерге қолдау көрсету. Талапкерлер almaty-zhastary.kz. сайты арқылы бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады. Сайтқа тіркелу үшін ХҚО-дан алынатын электронды цифрлы қолтаңба қа­жет. Өтініш берушілердің тізімі балл жүйесімен санаттар бойынша есептеледі. Ұпай саны ең жоғары қатысушының пәтер алуға мүмкіндігі зор. Бағдарламаға қатысушы құжаттарын өткізген соң талапқа сай келгендерге almaty-zhastary.kz. сайтындағы жеке кабинетке жолдама беріледі. Жолдаманы алған өтініш беру­шілер 15 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жү­гінуі қажет. Банк талабынан өткеннен кейін 60 жұмыс күні ішінде қа­тысушы сатып алатын тұрғын үйді таңдап, құжаттарды банкке ұсынуға міндетті. Таяуда бағ­дарламаға қатысты жағымды жа­ңалық болды. Жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке бай­ланысты қабылданбаған өт­ініштер қайта қаралуда. Тіркеуде болу талабының алынып тас­талғаны та­лай жастың үмітін оят­ты. Қалада жұмыс істейтін жас­тарға 5 471 өтінім берілді. Нәтижесінде, 2 527 өтінім қайтарылып, білім саласының қызметкерлерінен 1 964 өтініш қаралып жатыр. Бағ­дарлама талаптарына сай келетіндердің қатарында денсау­лық сақтау саласында – 587, мә­дениет саласында – 1 212, спорт саласында – 23, ғылым мен ЖОО-ларда – 170, БАҚ саласында – 56, әлеуметтік салада 32 адам жұмыс істейтіні белгілі болды. Қабылданбаған өтініштердің басым бөлігі жұмыс орындары немесе қызметтерінің бағдарлама талаптарына сай келмеуі сал­дары­нан кері қайтарылды. Яғни, 36 өтініш берушінің жеке баспанасы бар екені, 46 адамның өз баспанасынан бас тартқаны анықталды, 152 адам­да зейнеткерлік төлем бол­маған, 77 адамның өтініші жо­ғарыда аталған себептерге қатыс­ты кері қайтарылған, ал 23 адам алғашқы қабылдау кезіндегі не­сиелік өтінішін ұсынған. Баспанаға зәру жастар тек Алматыда емес, еліміздің бас­қа өңірлерінде де жылдар бойы пәтер жалдап тұрып жатқандар жетерлік. Сол үшін кейінгі кез­де Алматыда бастау алған бағ­дарламаны өзге өңірлерде де енгізу жайлы айтылып жүр. Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырманов «Алматы қаласы әкімдігінің бас­тамасымен қолға алынған «Алматы жастары 3.0» жаңа тұрғын үй бағдарламасына қолдау білдіріп, оны басқа қа­лалар мен облыстарда тарату мүм­кіндігін қарастырған жөн», – деген болатын. Елорда күні қарсаңында осы бағдарлама бойынша пәтер кілтін алған жастардың бірі – Ақмарал Мақтабаева. Ол бағдарламаны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ұсынылған баспана өте жайлы, барлық жағдай жоғары деңгейде жасалғанын айтады. Қазір Алматыда 8,4 мың көп­пәтерлі тұрғын үй қоры бар. Бұл елдегі ең үлкен тұрғын үй қоры болып саналады. Әйтсе де, баспанаға сұраныс жыл сайын өсуде. Бүгінде 25 533 азамат бас­пана кезегінде тұр, бұл өткен жыл­мен салыстырғанда 4,5 мың адамға көп. Былтыр 3 162 адам баспанамен қамтамасыз етілді. Олардың қа­тарында 520 көпбалалы отбасы мен 114 балалар үйінің түлегі бар. Сондай-ақ былтыр 1 050 жұмыс істейтін жастар жалдамалы пәтер кілтін алды. Биыл Алматыда 3 810 отбасын баспанамен қам­тамасыз ету жоспарланған. Олар­дың ішінде 1 300-ден астам пәтер «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы са­тылатын болады.  

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ