Дайындыққа 6,6 миллиард теңге бөлінді
Дайындыққа 6,6 миллиард теңге бөлінді
206
оқылды
Әкім орынбасарының айтуын­ша, об­лыста КВИ мен пневмония көрсеткіші айтарлықтай төмен­деген. Қазіргі кезде облыс кө­лем­ін­де 42 адам КВИ, ал 401 адам пневмониядан емделуде. Дегенмен індеттің болуы мүмкін екінші толқынына қарсы тұруға дайындықты естен шығармаған абзал. Осы отырыс барысында белгілі болғандай,  індетпен күрес шаралары үшін медициналық ұйым­дардың материалдық-тех­никалық базасын нығайтуға об­лыстық бюджеттен 6,6 млрд теңге бөлініпті. Дайындық шараларының ішінде компьютерлік томограф, пульсоксиметр, виброакустикалық аппарат, рентген аппараты, жа­сан­ды тыныс алдыру аппараты, концентратор сияқты құрал-жа­б­дықтар мен арнайы автокөліктер сатып алу жоспар­ланған. Алдағы кезде  КВИ-ді ем­деуге жұмылдырылған медицина­лық ұйымдардың жанынан кислород­тық стансалар орнатылады және 140 «жедел жәрдем» автокөлігін сатып алу қарастырылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған 8 ПТР зертханасында күніне 1 500 зерттеу жүргізілсе, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 3 500-ге жеткізуге мүм­кін­дік бар екенін айтқан  Б.Бай­жұманов облыста 1 айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар екенін, оған қоса тағы екі айлық қор болатын дәрі-дәрмекке тап­сырыс берілгенін де баяндай кетті. Талдықорғанда жаңадан са­лы­нып жатқан инфекциялық ауру­хананың жабдықталуы, кадрлық қамтылуы жайлы да мәлімет берді. Аталмыш ауруханада 452  штаттық бірлік белгіленсе, соның біраз бөлігі облыстағы медициналық ұйымдардан, 143 медицина қыз­меткері жұмыспен қамту ор­та­лықтары арқылы жұмысқа алы­н­ады. Сонымен бірге еліміздегі медициналық жоғарғы оқу орын­дарымен де келісімшарттар жа­салып, жас мамандар тарту көзделіп отыр. Облыс әкімі Талдықорған көп­салалы ауруханасы мен Алматы­дағы облыстық көпсалалы кли­ника­лық аурухананың КВИ ем­деуде өңірдегі негізгі екі орталық бо­латынын баса айтты. Сондықтан осы екі ауруханада індетті емдеуге қажетті аппараттардың санын, қа­жеттілігін түгендеуді және со­ған сәйкес сатып алынатын аппарат­тардың түрлері мен көлемін анық­тауды тапсырды. – Өңірдегі екі аурухана КВИ-дің екінші толқынына то­лық дайын болуы үшін олар­дағы барлық қажетті құрал-жаб­дықтар түгел болуы тиіс. Ко­ронавирус ин­фекциясы әсіре­се, созылмалы аурулары бар сырқаттарға ауыр тиетіндіктен, бізде инфекционис­тер ғана емес, басқа да маман дә­рігерлер ем шараларына әзір тұр­ғаны жөн.  Әсіресе, ауыр нау­қастарды емдеп, өлім-жітімді бол­дырмауда мұның маңызы аса зор. Сондықтан құрал-жаб­дықтар бойынша жасаған тал­дау-есептеріңді қайта қарап, толықтырып, нақтылауды тап­сырамын. Жаңа инфекциялық аурухананың құрылысы, оған қа­жетті қаржы, жабдықталу мә­селесі толығымен шешілген. Сон­дықтан ол мекемеде біз кадрлық құрам жасақтауға бірден кірісе беруіміз керек. Инфекциямен күресте негізгі күш осы ауруханаға түседі. Сондықтан онда мықты кәсіби мамандар топтастырылуы тиіс. Сырттан тартылған маман­дардың әлеуметтік жағдайын да назардан тыс қалдырмауымыз керек, – деді Амандық  Баталов.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы