«Күдікті қалалық прокуратура жүргізушісі болған» – Қапшағайдағы кісі өлімі
«Күдікті қалалық прокуратура жүргізушісі болған» – Қапшағайдағы кісі өлімі
Фото: Интернеттен алынды
214
оқылды
Дереккөздің жазуынша, Қапшағайда адам өліміне себепкер болған жол-көлік оқиғасы 6 шілдеде түнгі сағат 1 шамасында болған. Енді жаяу жүргіншілер өткелінде қалалық прокуратураның жүргізушісі қағып өлтірген 23 жастағы Владимир Власовтың отбасы туысын өлтірген адам жазадан құтылып кетеді деп қорқып отыр. Айыптау актісінде жүргізуші сақтандыру полисі негізінде Skoda Superb автокөлігін басқара отырып, жаяу жүргіншілер өткелі маңында жылдамдығын төмендетпей, жол ережелеріне сәйкес жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткені көрсетілген. Апаттан соң 6 сағат өткенде жарақат алған жігіт ауруханада қайтыс болған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
«Сот отырысы басталғанға дейін біз іс материалдарымен танысқан кезде, соқтығысу кезінде жылдамдыққа сараптама жүргізілмегенін білдік, дегенмен біз сараптама жүргізу керек деп айттық. Істе апатқа кінәлі адамның сөзі ғана бар, ол сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүрдім дейді. Жол апатына кінәлі адам - қалалық прокуратураның жүргізушісі. Біз сот отырыстарына қатысушы Қапшағай қаласының прокуроры айыпталушының мүддесіне жұмыс істеп, бұл процесс әділ әрі ашық болмайды деп ойлаймыз», – деді марқұмның отбасы жалдаған адвокат Рамиль Мұхамадиев.
Оның айтуынша, жол апатына кінәлі адам дереу анықталғанына қарамастан, ол 14 шілдеде ғана қамауға алынған. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша ашылды.
«Бізге оның 8 шілдеден 14-іне дейін ауруханада жатқаны айтылды. Бірақ 6-8 шілде аралығында ол ауруханада болмады ғой. Қамауға кеш алынғандықтан, наркологиялық сараптама жүргізілмеген. Айыпталушының туыстары марқұмның отбасымен татуласуға тырысып жатыр, бірақ олар мұны өте дөрекі түрде жасайды. «Міне, 1,5 миллионды. Алыңдар да, мұның бәрін доғарыңдар». Олар марқұмның ағасына өте жағымсыз нәрселер жазады», – деді адвокат.
Қаза тапқан жігіттің анасы қазақстандықтарға бейнеүндеу жариялаған. Оның айтуынша, жол апатанына кінәлі адам жазадан құтылып кетуі мүмкін. Ал Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер істің облыс прокурорының бақылауында екенін мәлімдеді.