Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

Қарағанды облысының әкімі таныстырылды

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 19, 2019
Саясат
4.6k
қаралым

Қарағанды облысының жаңа әкімі болып бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарған Жеңіс Қасымбек тағайындалды. Оның кандидатурасын аймақ басшысы қызметіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

«Депутаттармен келіскеннен кейін Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Оның орталық деңгейде де, өңірлік деңгейде де тәжірибесі зор. Енді ол осы машықтарын Қарағанды облысын дамыту үшін пайдаланатын болады»,– деді Асқар Мамин облыс активіне жаңадан тағайындалған әкімді таныстыра отырып.

Асқар Мамин Қазақстанның Премьер-Министрі болып тағайындалды

Қарағанды облысында жоғалған ер адам мола басынан табылды

Қарағанды облысында 6 көлік апатқа ұшырады

Облыс әкімі Ерлан Қошанов ҚР Президенті әкімшілігіне жетекшілік етуге ауыстырылды. Премьер-министр Мемлекет басшысының атынан оның бұрынғы қызметіндегі жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді. Ерлан Қошановтың басшылығымен облыс экономикасының барлық салаларында тұрақты өсімге қол жеткізілді. Әлеуметтік салада да көп жұмыстар атқарылды. Тұрғын үй құрылысы артты. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің көмегімен балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесі шешілді. Қалалар мен ауылдарда жолдарды ауқымды жөндеуден өткізіп, аулалар абаттандырыла бастады. Көп жылдар ішінде алғаш рет «Қарағанды – Жезқазған» трассасы ретке келтірілді. Қаражалда және Жәйрем кентінде ауыз су мәселесі көп жылғы шешімін тапты. Jezkiik халықаралық этнофестивалі сияқты маңызды мәдени жобалар да қолға алынды.

Асқар Мамин жаңа әкімге атқарылуы тиіс бірқатар міндеттерді атап өтті. «Облыста даму әлеуеті өте зор, барлық әлеуметтік-экономикалық индикаторлар бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Біз даму серпіні одан әрі жалғасын табады және одан да үлкен қарқынға қол жеткізетініне сенімдіміз»,– деді Премьер-министр.

Жеңіс Қасымбек өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын айтып, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және облыс экономикасын дамыту үшін барлық күш-жігерді жұмсауға уәде берді.

Жеңіс Қасымбек 44 жаста, ол Жамбыл облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚазБСҚА-да тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. Содан кейін «Темірбанк» ААҚ бас маманы болды. 1998-2000 жылдары ҚР монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінің бөлімін басқарды. ҚР ККМ су көлігі департаментінің директоры болып жұмыс істеген. 2004 жылдан 2005 жылға дейін «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры болды. 2005 жылғы қарашада оны көлік және коммуникация вице-министрі етіп тағайындады. Содан кейін көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы болды. Кейінірек Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған. Бұдан кейін Инвестициялар және даму министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып жұмыс істеді.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Премьер-Министрдің орынбасары болды.

 

 

 
Тегтер: Жеңіс ҚасымбекҚарағанды облысытағайындау
Алдыңғы жаңалық

Рысқалиевтер ісі: Мемлекетке 44 млрд теңге қайтарылды

Келесі жаңалық

Қ.Тоқаев Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлуді тапсырды

Ұқсас жаңалықтар

хатшы
Жаңалықтар

Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы тағайындалды

Қаңтар 16, 2021
өзгеріс
Саясат

Өзгерістер кезеңі өрістейді

Қаңтар 16, 2021
Президент
Саясат

Президент фракция басшыларымен кездесті

Қаңтар 16, 2021
Жүйелі жаңғыру жалғасады
Саясат

Жүйелі жаңғыру жалғасады

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар қатаң жазаланатын болды

Қаңтар 18, 15:28

Қаламгер Ғабит Мүсіреп Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Қаңтар 18, 14:52

Алматыда басқарма басшысы не үшін ұсталды?

Қаңтар 18, 14:27

Димаш Құдайберген Джо Байденді ұлықтау апталығында өнер көрсетті

Қаңтар 18, 14:11

20 қаңтардан бастап бір өңірде карантин күшейтіледі

Қаңтар 18, 13:55

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

Қаңтар 18, 13:33

Ақмолада мүгедек әйел өрттен құтқарылды

Қаңтар 18, 13:16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

қылмыс, жаза, жасөспірімдер, Қазақстан

Жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар қатаң жазаланатын болды

Қаңтар 18, 2021
редактор

Қаламгер Ғабит Мүсіреп Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»