Жер мәселесіне нүкте қойды – Нарымбетов
Жер мәселесіне нүкте қойды – Нарымбетов
Себебі бұл Жолдау әлемдік пандемия жағдайында еліміз дамуының негізгі жолдары мен бағыттарын айқындайды. Президент Жолдауында әлеуметтік, экономикалық, саяси маңызды тақырыптар қамтылды, атқарушы биліктің, мемлекеттік аппараттың және  квазимемлекеттік сектордың алдағы жылдарға арналған жұмыс векторының курсы берілді. Мемлекеттік секторды реформалау мәселесі бойынша Президент атқарушы биліктің қызметі аясында түбегейлі шаралар жүргізу қажеттігін атап өтті. Мемлекеттің халықты құқықтық қорғауды жетілдіру жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру үшін ұсынылған шаралар үлкен назар аударуды талап етеді. Мұнда мемлекеттік аппаратты оңтайландыру, қызметкерлердің кәсібилігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту тапсырылды. Ежелден бері ата-бабамыздың жанына батқан, бүгінде  барлық қазақстандықтарды яғни біздерді  қатты толғандыратын ауқымды мәселе ол  жер мәселесі екені  бәрімізге белгілі. Осы тұста Президент бұл мәселеде батыл нүкте қойып, жерді шетелдіктерге сатпайтынын тағы да атап өтті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.  Әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының деңгейін арттыру шараларына ерекше тоқталды. Біздің мемлекетіміздің әл-ауқатының негізін құру үшін бизнестің, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметтік қорғалатын топтарын қолдауға бағытталған шаралар екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Президенті негізгі міндеттерге - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру, еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру, АӨК өнімдерінің экспортын екі есе ұлғайту керек екенін атап өтті. Жолдауда айтылған қандайда бір ынталандыру шаралары бәрімізге ерекше маңызды. Бұл ең алдымен медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында бөлінетін 150 млрд теңге. Пандемия кезінде дәрігерлер өз өмірлерін қатерге тігіп, ең маңызды алғашқы көмек көрсеткендердің бірі болғанын бәрі біледі. Сондықтан бұл шаралар бүгінде өте маңызды. Сонымен қатар, Президент медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және тапшылығына жол бермеуге бағытталған кешенді іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды. Әрине, бұл шаралар медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Президент Жолдауында барлық қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру үшін қабылдануы және іске асырылуы тиіс нақты шараларды айқындағанын тағы да атап өткім келеді. Бүгінгі таңда елімізде алғаш рет «Nur Otan» партиясы өткізіп  жатқан праймериз барысында партияның сайлауалды бағдарламасы жобасы дайындалуда.  Онда біз барлық тұрғындар үшін маңызды мәселелерді қамтып отырмыз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған бағдарламаларды енгізуге ниеттіміз. Біз, Шымкент қаласының партия мүшелері, Жолдауда көрсетілген шараларды толық қолдаймыз және оларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Б.НАРЫМБЕТОВ,  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы  төрағасының бірінші орынбасары