Денсаулық саласының бюджеті артты
Денсаулық саласының бюджеті артты
172
оқылды

Келер жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру жүйесі іске қосылатыны белгілі. Шымкент қалалық денсаулық сақ­­тау саласына 2020 жылдың бюджетіне 62 млрд теңге қарастырылып отыр. Оның 37 млрд теңгесі кепілдендірілген медициналық көмекке жұм­сал­са, 25 млрд теңге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға кет­пек.

Медициналық ұйымдар өтінім­деріне сәйкес, халыққа амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойын­­­ша 5,5 млрд теңгеге дәрілік зат­тар сатып алынуы тиіс. Бұл туралы Шым­кент қаласының денсаулық сақ­­­тау басқармасының басшысы Ас­хан Байдувалиев қала әкімдігінің ақ­параттық-коммуникациялық орта­лы­ғын­да өткен брифингте мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойын­ша міндетті әлеуметтік меди­ци­­­налық сақтандыру жүйесіне 531 997 адам қамтылған. Бұл қала халқының 77,6 пайызын құрайды.

– Мемлекет басшысы халыққа ар­наған Жолдауында міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандырудың жүзеге асы­рылуы медициналық қызмет көр­се­­тудің сапасы мен қолжетімділігін жақ­сартуға бағытталғанын ерекше атап өтті. «Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 трил­лионнан астам теңге бөлінеді. Үкі­мет әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру жүйесінің беделіне тағы да нұқ­сан келтірмеу үшін оны жүзеге асы­ру мәселесіне зор жауапкершілікпен қа­рауы қажет. Біздің қателесуге құқымыз жоқ» деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды құ­жат­та. Иә, кез келген азамат, яғни ме­­­­дициналық сақтандырылған, тіпті ол сақтандырылмаған азамат болса да оған барлық шұғыл көмек тегін көр­сетіледі. Бұрынғыдай алғашқы ме­ди­ци­налық көмек, жедел жәрдем шақыру, сани­тар­лық авиация және басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы ақысыз жүреді. Әрбір азамат осыны ескеруі қажет, – деді Асхан Мархабайұлы.

Брифингте сондай-ақ, мемлекеттің ха­лық денсаулығына қажеттіліктің бар­лығын басты назарға ала отырып, нау­қастың дертін анықтау мен толықтай ем­деуге қажетті шығынды жабуы бұдан бы­лай МӘМС жүйесі арқылы іске асы­ратыны да айтылды. МӘМС жүйе­сі енгізілгенде стационарлық ем алу түрі мен дәрі-дәрмек тізбесі ұл­ғайып, қажетті диагностикалық құрыл­ғы­лар мен қондырғалар қызметі де қол­жетімді болмақ. Демек, қазіргі таң­да тұрғындардың қосымша қаржы шы­ғындап отырған медициналық қыз­меттің барлығы да міндетті сақ­тан­дыру жарнасы есебінен төленетін бо­лады.

«Шымкент қаласында халықты мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру жүйесіне тартуды жандандыру үшін қала әкімінің өкімімен штаб құрылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру жүйесін енгізу жөніндегі ақ­параттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шең­берінде іс-шараларды өткізудің жос­пары, медиа жоспар бекітілді. Бекітілген кес­теге сай қаладағы 18 ірі кәсіпорын база­сында, емханада МӘМС ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті басқарма басшысы.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік жә­не индустриалды-инновациялық бас­қармасының мәліметінше, бүгінге дейін қала аумағындағы 375 кәсіпорын мен 35 базарда, 10 сауда орталығына бекітілген жоспарға сәйкес түсіндіру жұ­мыстары жүрген. Ал, мемлекеттік кіріс­тер департаментінің мәліметіне сүйен­сек, түсіндіру шаралары 22 188 жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі мен 58 870 жеке кәсіпкердің жалдамалы қыз­меткерлеріне жүргізілуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойын­ша порталға тіркелген халық саны 2019 жылдың 1 қаңтарында 1 034 555 бол­ды. Оның 66 пайызы мемлекет өз қа­рауына алатын әлсіз топтағы азаматтар санатында.

Қазіргі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ме­ди­цина ұйымдары тарапынан халықты тұр­ғылықты жері бойынша медицина ұйы­мына тіркеу бойынша үй аралау жұ­мыстары жүргізіліп, статусы анықталып жатыр.

Басқарма басшысы БАҚ өкіл­дерімен өт­кізген брифинг барысында мемлекеттік ме­дициналық ұйым­да­р­ында техника тап­шылығы бар еке­нін жасырмады. Тіпті жекеменшік меди­­циналық ұйымдарда да осын­дай проб­лема туындауда. Жуырда қала әкімі Е.Айтахановтың қатысуымен өткен жиында бұл мәселенің толық ше­шімі табуы тиістігі тапсырылған.

Жиын соңында басқарма басшысы БАҚ өкілдері қойған сауалдарға жан-жақ­ты жауап берді.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы