Құнды қолжазбалар
Құнды қолжазбалар
514
оқылды

Қ.Ясауи хикметтері, М.Хазани, Физули, Ә.На­уаи, Хафиз шығармалары топ­­­тастырылып, оған ғылы­ми сипаттама берген жинақ жа­рық көрді. Сондай-ақ жи­нақта «Үміттің өлімі», «Алаң­қай батыр», «Құлып» даста­ны мен әңгімелер бар.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­вер­ситеті Түркология ғы­лыми-зерттеу институты қорында сақталған көне кітаптар мен қолжазбалардың ғылыми си­пат­та­масын дайындады. Ғылыми сипаттама қос кітап болып жарыққа шықты. Орта Азия мен Қазан баспахана­сын­да ба­сыл­ған араб, парсы, шағатай, қазақ тілін­дегі кітаптар – инс­титут қорын­дағы құндылық. Кезінде литографиялық тасбас­па­дан шыққан Қ.Ясауи хик­мет­тері, М.Хазини, Физули, Ә.Науаидың кітаптары, қазақ шайырлары Шәді төре, Майлықожа секілді таны­мал ақындардың шығар­ма­лары топтастырылған. Сондай-ақ рухани мұра есебіндегі құнды жәдігерлер, шежірелер, тұрмыс-салт пен салт-дәстүрге қатысты жазба мен көне Құран кітаптар, діни дастандар мен шариғат үкімдері жайлы деректер бар.

ХХ ғасырдың алғашқы жар­ты­­сында қадімше жазылған «Үміт­тің өлімі», «Алаңқай ба­тыр», «Құлып» дастаны мен ел аузынан тараған әңгімелер мен 40-50 жылдары латын әрпімен жазылған 334 қолжазба бірінші жинаққа енді.

Бірыңғай араб қарпімен жазылған дүниелер екінші кітап­та жинақталған. Ортағасырлық шайырлардан Хазини, Сағди, Науаи, Хафиз, Физули, Мырза Биделдің, Сопы Аллаярдың шағатайша, парсыша жазылған кітаптарын оқуға болады. Абай өлеңдерінің Мүрсейіт молда (1907 ж) хатқа түсірген толық шығар­ма­лары­ның көшірмесі мен Шәді төренің қиссаларына ғы­лы­ми сипаттама берілген. Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кі­табының бірнеше нұсқасы, «На­зым Сияр шәріп» кітабының қол­жазбасы жайлы анықтама бар.

Ғылыми сипаттама ішінде ма­ңызды еңбектердің қатары бар. Олар – ХІХ ғасырда шаға­тай­ша кітап болып басылған «Шахнама» кітабы мен Тұр­ма­ғам­беттің «Рүстем-Дастан» кіта­бы. Сипаттамада ХХ ғасыр­дың ба­сында өмір сүрген белгі­л­і мол­да Бекасыл Биболат­ұлының пар­сы тіліндегі «Фалнама» кіта­бы бар. Соған ұқсас хижра­ның 1313 жылы жарық көрген «Балнама», «Насапнама», т.б. құнды мұралар туралы ақпарат кездеседі. Жи­нау­­шылар жайлы және жанры, қол­таңбасы, жазылған жылы және тағы басқа мәліметтер ұсы­ныл­ған.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ