Сегіз өңірде ескерту жарияланды
Сегіз өңірде ескерту жарияланды
134
оқылды
Қазгидромет 4 қыркүйекке сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/скүтіледі. 4-6 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/скүтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін күшейеді. 4 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысында солтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.