Қазгидромет 4 қыркүйекке сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/скүтіледі.
4-6 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/скүтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін күшейеді.
4 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында солтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.