Өлмейтін де, өшпейтін де – өнер
Өлмейтін де, өшпейтін де – өнер
462
оқылды

Төрт ағайынды Аңқауовтар – қозғалыс-тірек аппаратының әлсіреуіне әкелетін аурумен ауырса да, өмірде өз орнын тапқан жандар.

Ағайында Аңқауовтар – Қостанай өңірінің азаматтары. Туа біткен талант зор ізденіске ұштасып, ерен еңбектің арқасында олар қолданбалы өнердің жауһар туындыларын дүниеге әкелді. Шығармаларында қой жүнін ерекше техникамен өңдей отырып, қолданбалы өнерге киізді кескіндеме секілді жаңа технологиялық бағыт әкелді.



Басқарма төрағасының айтуынша, ол ағайынды Аңқауовтармен осыдан тура бір жыл бұрын танысқан. Жыл сайын өтетін «Қазақстан – Ресей» халықаралық форумның аясында Петропавлда көрме өткен. Соған Qazaq Geography қатысқан. Соның дәл жанында қолдандалы өнердің шеберлері жұмыстарымен бөліскен екен. Солардың ішінде ағайынды Аңқауовтар болған. 

– Олардың бір картинасы мені бірден өзіне баурап алды. Шынымен, олардың тәсілі ерекше. Бейне бір картинаны 3D форматта көріп тұрғандай боласың. Міне, бәрі сол кезден басталды, – дейді QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Жана Рүстем.

Оның мәлімдеуінше, ол кезде Аңқауовтар бұл тәсілді патенттеп алған екен. Ағайындылардың ішінде суретшісі – Арлан, сол үшін де сурет галереясын ArlanDesign деп атаған. Ол сол уақытта шеберлерге көрме өткізуге кеңес берген. Өкінішке қарай, орайы болмаған. 

Бірақ кейін, мамыр айында олар алғаш Made in Kazakstan көрмесіне қатысты. Алайда жұмысының көбі өтпеген, содан оның бір бөлігін Жана Рүстем сатып алған. «Кеңсемізді безендіруге алған картиналарды басшылық та ұнатып, меценат тартуға көмектесті. 

 Өйткені олар Қостанайдың түбіндегі ауылда, бәрі бір үйде тұрды. Төрт ағайындының екеуі үйленген, балалары бар. Оған қоса, анасы да бірге тұрады» деген Басқарма төрағасы оларға Astana Motors компаниясының директоры Нұрлан Смағұлов пәтер әперіп, шеберхана ашуға қол қамыс еткенін жеткізді.

14.09 (171)(1).JPG
Жана Рүстем

– Алдымен ағайындының біреуін көргенде сол ғана мүгедек деп ойладым. Бірақ артынан үйге кіре бергенімде екіншісі ақсап шықты. Артынан үшіншісін көріп, төртеуінің де мүгедектігін біліп, бұлардың сағы сынбай өмір сүргеніне таң қалдым. Негізі екеуі – 3 топтың, ал қалғаны 2-топ мүгедегі. Олардың диагнозы – миопатия Дюшена Эрба-Рота. Ол деген – қозғалыс-тірек аппаратының әлсіреуі. Бұл – әлемде сирек кездесетін ауру. Уақыт өте олар жүре алмай қалады деген қауіп бар, – дейді Жана Рүстем.

Ағайындардың өнерге келуі

 Қолданбалы өнер – халықтың мәдени өмірін көрсететін сала. Бұл өнер түрі өткеніміз бен бүгінімізді ортақ бір арнада тоғыстырады. Көрме кураторы Арман Бектастың айтуынша, Аңқауовтар ағайынымен QazaqGeography қоғамдық бірлестігінің арқасында танысқан. Олардың жасап жатқан дүниесіне бағыт-бағдар беріп, әлемге танымал болуға көмектесуде.

14.09 (281)(1).JPG
Арман Бектас

– Бұлар қолданбалы өнерге жаңа технологиялық бағыт ашып, киізді кескіндемені алып келді. Оның машақаты көп. Қолданбалы өнерді кескіндемемен тірілтті деуге болады. Онда қойдың жүнін жабыстырып қана қоймай, оны өзіндік технологиямен бояп, көркемдейді. Мұндай тәсілді Қазақстанда әзірге ешкім қолданған емес, – дейді ол

.



Көрмеде ағайынды Аңқауовтардың картинасымен бірге кілем де көрсетілген. Бұл кілемді олардың анасы Балдырған тоқыған екен. Бағланның айтуынша, анасы – зейнеткер. Соған қарамастан әлі де кілем тоқиды. Оған көмегін беріп, кілемді жасауға қол қамыс ететін ағасы Дәурен екен. Атана-анасы оларды бала кезінен өнерге баулып өсірген. Соның арқасында ағайында Аңқауовтар өмірде өз орнын тапқан жандар.

14.09 (453).JPG
Аағайынды Аңқауовтар

– Кез келген нәрсе ойламаған жерден шығады емес пе? Бұл да солай болды. Ең үлкен ағам Сәрсен әкеміз өмірден өткен соң, бізге бас-көз болған жан. Екінші ағам Дәурен қойдың жүнінен қамшы, жүгенді мықты тоқиды. Ал суретшіміз Арман – үйдің үшіншісі. Ол 2004 жылы колледж бітіріп, институтты аяқтай алмайды. 

Бірде суретпен айналысып отырып, ойламаған жерден жүнді бояп жасайтын жаңа технология шығарады. Ол кезде біз әлі кішкентаймыз. Күйбең тіршілікпен жүргенде 8 жыл өтті де кетті. Қазір өзім филологияны бітіріп, өлең жазатыным бар. БАҚ-пен байланыс менің мойнымда, ал Сәрсен – менеджер, – деді Бағлан Аңқауов.

https://youtu.be/XQq-tt4oOE8