Бөгде біреудің пәтерін 14 миллион теңгеге сатып жіберген алаяқ ұсталды
Бөгде біреудің пәтерін 14 миллион теңгеге сатып жіберген алаяқ ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
99
оқылды
Полиция бөлімшесіне хабарласқан ер адам Раушан есімді танысының Шәкәрім даңғылындағы 4 бөлмелі пәтерді сататындығын айтып, 14 000 000 теңгесін алғанын айтқан.
«Пәтерді сатып алдым деп ойлаған азамат сонда көшіп барды. Алайда бірнеше күннен кейін үй иелері келіп қалған. Олар пәтердің сатылмағандығын айтып, үйді босатуын талап етті» делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Бұрын сотталған 32 жастағы қала тұрғыны ақшаны қажетіне жаратып үлгерген. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтықред.) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.