Қазақстан праймериз арқылы жастарға мүмкіндік беріп отыр – Curtis Weldon
Қазақстан праймериз арқылы жастарға мүмкіндік беріп отыр – Curtis Weldon
Фото: zakon.kz
195
оқылды
"Nur Otan" партиясы алдын ала партияішілік сайлау өткізді. Дауыс беру жүйесі онлайн түрде жүргізілді. Бұл – ашық әрі демократиялық ел болуға ұмтылған жақсы қадам. Қазақстанда праймеризге кез келген адам, түрлі саланың өкілдері  қатыса алады. Бұл дегеніміз тамаша. Қазақстанда 10 рет болдым. Әр сапарымда керемет әсермен оралдым. Қазақстан жастарға үлкен мүмкіндік беріп жатыр. Осы арқылы саяси процеске жастарды тартып, жаңа буын ішінен көшбасшыларды анықтағысы келеді. Әрине, жас көшбасшылардың демократиялық құндылықтарды бағалай отырып, өз бойына дарыта білуі – керемет дүние. Мен әрдайым саясаткерлерге адамдардың жан дүниесін түсіне білу керек деп айтып жүремін. Қазақстандықтар өте еңбекқор, ақылды халық. Адамдары жан-жақты, жігерлі. Бұл әлемдегі бүкіл адамдарға үлгі болатын қасиет. Сіздерге қарап, болашақтың көшбасшысын көремін.

Curtis WELDON

АҚШ конгрессмені, Jenkins Hill International Curtis Weldon бас директоры