Дүбірлеп өтер тойға дайындық
Дүбірлеп өтер тойға дайындық
139
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жар­­­лығына сәйкес 2020 жы­­­лы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жыл­­дық мерейтойы кеңінен ата­лып өтеді. Ме­рей­лі датаны ЮНЕС­КО мен ТҮРКСОЙ ұйы­мы ая­сын­да тойлау да қарас­­ты­­рылған.

Мерейтойға дайындық бары­сын ұйымдастыру мақса­тын­да Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне барды. Министрліктің тарихи-мәдени мұра басқармасының қызметкері Ә.Күзербаев, «Қаз­қайтажаңғырту» мекеме­сі­нің қызметкері Қ.Тұяқбаев, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қармасы басшысы­ның мін­де­тін атқарушы Р.Нұрмұха­но­валар музейдегі алдағы жүр­гізілетін жұмыс барысымен танысты. Министр өз сөзінде Абай му­зе­йіндегі асыл мұраларды келе­шек ұрпаққа толықтай жет­кізу қажеттігін баса назар­ға алып, цифрландыру жұмыс­та­рын ау­қым­ды жүргізу қажетті­лі­­гіне тоқ­талды. Сондай-ақ ведомство басшысы музей экс­по­­зициясын жаңалау кезінде за­манауи тех­но­­логиялармен жабдықтау, экспо­зи­ц­ияның жаңаша үлгіде жасалуы, музейдің іші мен сыртына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргі­зілуі қажеттігін атап өтті.

Жандос Әубәкір, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейінің директоры: – «Қазқайтажаңғырту» мекемесі арқылы осы кешенге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 200 млн ақша қарастырылып жатыр. Сонымен бірге біздің жалпы мақсатымыз – шетелден келетін, өз еліміздің туристеріне, Абай рухына тағзым етіп, Абай мұрасына тағы бір назар салғысы келетін адамдарға жағдай жасау, – дейді. Қазір музейде 50-ден астам данышпан ақын өзі тұтынған көне жәдігер бар. Мәдениет және спорт министрлігі мұндағы мол мұраны үш тілдегі аудиогид, мультимедиялық қондырғылар арқылы жас ұрпақ пен шетелдік қонақтар назарына жаңаша ұсы­нуды жоспарлап отыр. Бола­шақта осындай тарихи ме­кен­дерге аудан және облыс бас­шылығы инфрақұрылымын жаңартып, асфальт тасжолын салу да жоспарланған. Бұл өз ке­зегінде туристер санының одан әрі көбеюіне ықпал етпек.