Оралда ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойлық кеші өтті
Оралда ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойлық кеші өтті
367
оқылды

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгерееваның «Өлең – өмір» атты шығармашылық кеші өтті.

Биыл Ақ Жайықтың ақ шағаласы деп атанған ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы 75 жасқа толып жатыр. Осыған орай БҚО аудандарында ұйымдастырылған шаралар Орал қаласында жалғасын тапты. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, оның сөздеріне жазылған әндер шырқалды.

Әдеби-музыкалық кешке ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Рымбаеваның арнайы қатысып, Ақұштап ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев ақынның шығармашылық әлеуеті, жыр әлемі ешкімге ұқсамайтындығымен ерекшеленетінін, елі оны қайраткер ретінде де әрдайым құрметтейтінін атап өтті.

Ақынның 75 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар бүгін туған жері –Ақжайық ауылында қорытындыланады.