Данияр Қайсанов Олимпиадаға жолдама алды
Данияр Қайсанов Олимпиадаға жолдама алды
183
оқылды

Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір балуанымыз жолдама жеңіп алды.

74 келіде белдескен Данияр Қайсанов кеше өткен ширек финалдық бәсекеде әлем үздігі, италиялық Франк Чемизодан ұтылған. Чемизо өз кезегінде финалға жолдама алып, Қайсановқа жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі берілді. Бүгін өткен жұбаныш бәсекесінде Данияр Оңтүстік Корея өкілі Ли Сын-Чхольді 6:0 есебімен ұтып, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Бүгін кешкі сессияда өтетін кіші финалда Данияр Қайсанов франциялық Зелимхан Хаджиевке қарсы кілемге шығады.