Әлішер Ерғали Олимпиада жолдамасын иеленді
Әлішер Ерғали Олимпиада жолдамасын иеленді
174
оқылды

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

97 келі салмақта күрескен балуанымыз ширек финалда моңғолиялық қарсыласын 10:0 есебімен, мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға шықты. Осылайша, жүлделі орындарға таласу мүмкіндігімен қатар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 74 келіде белдескен Данияр Қайсанов Олимпиадаға жолдама жеңіп алған.

Бұл еркін күрес шеберлері жеңіп алған төртінші Олимпиада жолдамасы. Бұған дейін Данияр Қайсановтан бөлек, Нұрислам Санаев және Дәулет Ниязбеков лицензияға қол жеткізді.