Баянауыл – өрт құрсауында
Баянауыл – өрт құрсауында
146
оқылды

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт тұтанды.

Бұл туралы ең алдымен әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады. 

Жексенбі күні басталған өрт уақыт өткен сайын үдеп, желдің күшеюімен ауқымын кеңейте берді. Инстаграмдағы ekibas_v_teme парақшасында өрттің қарқын алғаны соншалық, жақын маңдағы елді-мекендерге де жетіп қалғаны айтылуда.

«22 қыркүйек күні кешке Өскеменнен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мекемесінен МИ-8 тікұшағы жетті. Ол өз жұмысына 23-і күні таңертең кіріседі. Сондай-ақ таңертең ауданға МИ-26 тікұшағы келетіні күтіледі», - деп мәлім етті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та 22-і қыркүйек күні түнде оқиға орнына жетті.