Бананмен үйді жылытуға болады екен
Бананмен үйді жылытуға болады екен
©Сурет интернеттен алынды
273
оқылды
CNBN хабарлауынша, Африка елінің Уганда тұрғындары банан мен тезекті отқа пайдаланып, үйді жылытпақшы. Био отын шығарушылар органикалық материалдар деп су және сиырдың тезегі мен зәрін газ өндіретін қазанға бірден араластырады. Ол бірден ас үйге жылу береді.
Биоотын өндіруді қолға алған Green Heat International басқарушы директоры Вианни Тумвезиджи айтуынша, елді осындай энергиямен қамтамасыз етудің әдісі өте тиімді. Оған қоса, негізінен ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін ел үшін қолайлы екен. Әсіресе, елдегі қымбат шикізат саналатын отын болғандықтан қарапайым тұрғындар өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ. Оның үстіне туу коэффициенті өсіп жатқан елге бұл өте қажет дүние.