Тосынсый туралы әлеуметтік желіде баланың анасы Светлана Ли жазды.
Полицейлер баланы туған күнімен құттықтап, ойыншық көлік сыйлады. Баланы полиция көлігіне отырғызып, қаланы аралатқан.
«Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ұжымына Алла разы болсын. Кішкентай ерекше сәбиіміз Абдурахим балақайды бүгінгі туған күнімен құттықтап, арманын орындап сыйлығын беріп, қаланың ішін қыдыртып қайтты. Балақайдың қуанышында шек жоқ, көріп қуанып мәз болды. Осындай мүмкінділігі шектеулі жандардың жанын түсініп, жүректеріне мейірім ұялатып жанын түсінген сіздерге Алла сауаптан жазсын. Жұмыстарыңызға толағай табыс, отбасыңызға амандық тілеймін!», – деп жазды Светлана Ли.
https://www.facebook.com/100010027004035/videos/1251179065226315/