Биыл жедел респираторлы вирус инфекциясы мен тұмау кезінде коронавируспен асқынуы мүмкін, осыған байланысты дәрігерлер алдын-ала денсаулыққа мән беру қажеттігін ескертеді. Елорда тұрғындары жедел респираторлы вирус инфекциясына және тұмауға қарсы екпе ала алады. Ол үшін пациент өзі тіркелген емханаға жүгінуі керек. Препарат кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді.
№10 қалалық емхананың жоғары санатты дәрігер-педиатры Жанкүміс Шайхислямова: «ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі – антидене қалыптастыратын вакцина. Денедегі қорғаныс агенттері вирусты жояды. Бұл әдіс алдын ала қолданылуы керек. Сондықтан Нұр-Сұлтанда 4 қыркүйектен бастап ресейлік вакцина әкелінді. Біз ЖРВИ мен тұмау өршігенге дейін, бұл препаратты уақтылы алуға кеңес береміз. 0,5 шприцке құйылған дайын екпе иықтан бұлшықетке салынады», – деді.
Оның айтуынша, вакцинаны алты айлық балаларға да қолдануға болады. Препарат тауық ақуызына аллергиясы бар адамдарға ғана егуге болмайды. Маска тағу арқылы респираторлы вирустық аурулардың алдын алуға болады. Бұл жағдайда оны ауру да, сау да кию керек. Үй-жайларды,әлеуметтік мекемелерді, кеңселерді жиі желдету керек. Тазалық пен спортқа ерекше көңіл бөлген жөн.