Швейцария Қазақстанды карантинге жатқызылатын елдер тізімінен шығарды
Швейцария Қазақстанды карантинге жатқызылатын елдер тізімінен шығарды
Фото: Интернеттен алынды
145
оқылды
Швейцарияда коронавирустың таралу қарқыны үдеген елдерден келген адамдар карантинге жатқызылады. Мұндай елдердің тізімі 7 қыркүйекте жаңартылды. Тізімнен Қазақстан, Қырғызстан, Бельгия, Сальвадор, Эсватини (Свазиленд), Люксембург, Мексика және Оман алынды. Бірақ пандемияның қаупі әлі де сейілмеген Украина, Хорватия, БАӘ, Ливия, Ливан және тағы бірнеше ел тізімге қосылды. Ескерер жайт, Швейцария адамның қай елден келгенін ғана емес, соңғы 14 күн ішінде қандай елдерде болғанын да жіті тексереді. Шетелден келген азаматтар 10 күн карантинге жатқызылады. Егер коронавирус анықталмаса, карантиннен босатылады.