БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 23 қыркүйекте Сирия бойынша Конституциялық кеңес құрылатынын хабарлады.
- Мен Сирия үкіметі мен Сирия бойынша келіссөздер комитеті арасында теңгерімді, сенімді және инклюзивті Конституциялық Комитет құру туралы келісімнің жарияланғаны туралы үлкен қуанышпен хабарлағым келеді, - деді Гуттериш.
БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ Комитет құруға қол ұшын созған Сирия келіссөздері бойынша Астана процесіндегі кепілгер елдер Ресей, Иран және Түркияға алғысын жеткізді. Оның айтуынша, Комитет жұмысын Женевада жақын арада бастайды.