Қазақстан ұлтаралық келісімнің жарқын үлгісі - Назарбаев
Қазақстан ұлтаралық келісімнің жарқын үлгісі - Назарбаев
5,138
оқылды
«Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында өтіп жатқан Еуразия парламенттері спикерлерінің 4 форумында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел ішінде өзара ұлтаралық келісімнің барын атап өтті. 


«Әлемде болып жатқан оқиғалар сипатынан алып қарасаң Қазақстан ұлтаралық келісім мен толеранттылықтың табысты үлгісі бола алады», - деді Н.Назарбаев.

Осы тұрғыда оның сөзінше әлемдік кеңістікпен біртекті болу үшін қазақ тілінің латын қарпіне көшу үрдісі маңызға ие.

«Біздің мыңдаған жас қазақстандық мен 1993 жылы жариялаған «Болашақ» бағдарламасының нәтижесінде әлемнің үздік университеттерінде мемлекеттің есебінен білім алды. Енді олардың он мыңға жуығы елге оралып, жұмыс істеп жатыр», - деді Елбасы.