10 қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Қырғызстанға әуе рейстері жанданады
10 қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Қырғызстанға әуе рейстері жанданады
© pixabay.com
164
оқылды
10 қыркүйектен бастап Қазақстан Өзбекстан және Қырғыз Республикасымен әуе рейстерін жандандыратын болды, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 10 қыркүйектен бастап Өзбекстан және Қырғыз Республикасымен әуе рейстерін жанданатын болды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек бұған дейін Өзбекстан әуе желілерінің Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіргелі отырғаны хабарланған болатын. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған елдерден Өзбекстанға ұшатын («Қызыл рейстер») жолаушылар ұшудан 72 сағат бұрын ПТР әдісімен ғана жасалған тесттің қорытындысын ұсынуы керек. Сертификат ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.